Түркістан Облысында қуаттылығы жылына 2 млн тоннаны құрайтын мұнай өңдеу зауыты салынуда

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Ордабасы ауданының мұнай өңдеу зауытында болып, жұмысымен танысты. Ауданда өндірісті дамытуға күш салынған. Өңір басшысы осы бағыттағы жұмыстарға басымдық беруді тапсырды.

Ордабасы ауданында «Standard Petroleum & Co» ЖШС-нің мұнай өңдеу зауытының бірінші кезеңін жыл соңында іске қосу жоспарланған. Өндіріс орнында 300 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылмақ.

Қуаттылығы жылына 2,0 млн. тоннаны құрайтын ірі жобаның инвестиция құны 130,0 млрд. теңге. Бүгінде құрылыс-монтаж жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Әкімшілік және зауыт алды аймағында жалпы құрылыс жұмыстары аяқталып, технологиялық жабдықтар орнатылуда. Бюджеттік қаражат есебінен барлық қажетті инфрақұрылым тартылған. 1,2 км автожол және 14 км теміржол төселіп, пайдалануға берілген.

Жоспар бойынша маңызды инвестициялық жобаның II кезеңі 2026 жылдың соңына дейін толық аяқталады. Жаңа мұнай өңдеу зауытында жылына 377,8 мың тонна Еуро-5 бензині, 426 мың тонна Еуро-6 дизелі өндіріледі. Өңір экономикасын дамытудағы маңызды бағыттардың бірі – инвестиция тарту. 2 жылда Түркістан облысының экономикасына 2 трлн теңгеден астам инвестиция тартылып, өсімнің оң динамикасы қалыптасты. Жыл басынан 196,5 млрд. теңге инвестиция тартылды.

Облыс экономикасының дамуына тың серпін беретін және 2025-2028 жылдары жүзеге асырылатын 110 инвестициялық жоба пулы қалыптастырылды. Жобалардың жалпы құны – 2,3 трлн. теңге. 19 783 жұмыс орнын ашып, қосымша 84 млрд. теңге салық түсіру көзделген. Оның ішінде, биыл 322 млрд. теңгеге 57 инвестициялық жобаны іске қосып, 6908 жұмыс орнын құру жоспарлануда.

x

Check Also

Елімізде 2026 жылдан бастап сән-салтанат салығы енгізіледі

2025 жылдың 18 шілде күні ҚР жаңа Салық Кодексі қабылданған болатын. Ол 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Бұл ...

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...