Мәжіліс депутаты іскер әйелдер қауымымен кездесті — Xnews — ақпарат агенттігі

Мәжіліс депутаты іскер әйелдер қауымымен кездесті

Бүгін Түркістан облысына іс-сапармен келген ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, «Respublica» партиясы фракциясының мүшесі Айтуар Қошманбетов партияның облыстық филиалында «REWOMEN» әйелдер кеңесінің мүшелерімен кездесті.

Кездесуде депутат қоғамдағы әйелдердің айрықша рөліне тоқталып, олардың жауапкершілік пен еңбекқорлықты жоғары қоятынын атап өтті. «Respublica» партиясы жанындағы іскер әйелдер кеңесінің құрылуы – осының айқын дәлелі. Айтуар Асқарұлы іскер әйелдерді партиямен бірлесе отырып, түрлі салаларда белсенділік танытуға, жаңа мүшелерді тарту арқылы партияға тың серпін беруге шақырды.

Мәжілісмен сонымен қатар, Жаңа Қазақстанды құру жолындағы реформалар аясында әйелдерге ерекше назар аударылып отырғанын жеткізді. Атап айтқанда:
• сайлау тізімдерінде әйелдер мен жастарға 30% квота енгізілді;
• мемлекеттік қызметтегі әйелдер үлесі 55,8%-ға жетті;
• Парламент пен мәслихаттардағы әйел депутаттардың саны айтарлықтай артты.

Кездесу соңында депутат жаңа мүшелерге партиялық билеттер мен арнайы төсбелгілерді табыстап, ашық пікір алмасты. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының биылғы Жолдауын іске асыруда әйелдердің белсенді болуы қажет екенін айтып, Жасанды интеллект дәуіріне дайын болуға, жастарға үлгі болып, оларды қолдауға үндеді.

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...