ШҚО-да көлікке баллон байлап, сырғанаған екі жігіт қаза тапты — Xnews — ақпарат агенттігі

ШҚО-да көлікке баллон байлап, сырғанаған екі жігіт қаза тапты

Шығыс Қазақстан облысында баллонмен сырғанамақ болған үш жасөспірім жол апатына түсіп, салдарынан екеуі мерт болды деп хабарлайды pyx.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның хабарлауынша, жантүршіктірерлік жол апаты 2 қаңтарда Бесқарағай ауданында болған.

Үш жасөсіпірім автокөлік баллонымен сырғанамақ болып, оны Nissan Terrano көлігіне байлаған. Олардың бірі рөлге отырып, қалған екеуі сырғанаған.

Транспорттық құрал қозғалысты бастаған сәтте баллон қарсы бағытқа шығып кеткен. Дәл сол кезде Nissan X-trail көлігі қарсы бетте келе жатқан. Қарсы бағыттағы көлік жүргізушісі екі жасөспірімді қағып кеткен. Салдарынан 2001 және 2002 жылы туғандар алған жарақаттарынан оқиға орнында жан тәсілім еткен.

Жол талғамайтын көліктің тізгінінде болған 19 жастағы жүргізуші қамауға алынған.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша «Абайсызда екі немесе одан көп адамның өліміне әкеп соқтырған жол ережесін бұзу» бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ полиция қызметкерлері бірнеше сараптама жүргізеді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Казахстанская AgriTech-компания выводит спутниковую технологию мониторинга животных на международные рынки

ТОО «iGps Tech» разработала спутниковую систему мониторинга сельскохозяйственных животных, которая работает даже в районах без покрытия сотовой связи. Отечественная технология ...

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

«iGps Tech» ЖШС ұялы байланыс желісі тартылмаған аймақтарда да жұмыс істейтін спутник арқылы бақылау жүйесін әзірледі. Отандық технология малдың орналасқан ...