Түркістан: Қала әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан: Қала әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді. Қабылдау барысында жалпы 14 азамат өз өтініштерін жеткізді.

Азаматтардың өтініштері негізінен әлеуметтік көмек, жұмыспен қамту, тұрғын үймен қамтамасыз ету, инженерлік инфрақұрылым, жол жөндеу, көшелерді жарықтандыру және ауызсу жүйесін жақсарту мәселелеріне қатысты болды. Сонымен қатар, жергілікті учаскелік полиция жұмысына байланысты арыз-шағымдар да қаралды.

Әзімбек Пазылбекұлы көтерілген мәселелерді уақыт күттірмей шешілуі тиіс мәселелерді қабылдау барысында толық шешіп, зерделеуді талап ететін өтініштерді назарда ұстайтынын жеткізді.

Әкімдік тарапынан барлық өтініштер бақылауға алынып, заң аясында тиісті шешімдер қабылданатын болады.

Қала әкімі азаматтарды жеке қабылдау тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдап, жергілікті атқарушы органдар мен халық арасындағы тиімді кері байланысты қамтамасыз ететін маңызды құрал екенін айтты. Әрбір тұрғынның мәселесіне бейжай қарамай, оны шешудің жолдарын қарастыру – әкімдік жұмысының негізгі бағыттарының бірі екендігіне тоқталды.

Айта кетейік, қала әкімінің азаматтарды жеке қабылдауы әр айдың үшінші сәрсенбісінде бекітілген кестеге сәйкес өткізіледі. Қабылдауға жазылу үшін «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы немесе Азаматтарды қабылдау орталығының (Фронт-офис) қызметіне жүгінуге болады.

Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...