Шымкент: Білім беру мекемелеріне заманауи аппараттық-бағдарламалық кешен орнатылады

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, қала әкімдігінің ресми өкілі Сәрсен Құранбек кезекті баспасөз мәслихатын өткізді. Жиында қоғамдық-саяси ахуал туралы баяндап, журналистердің сұрағына жауап берді. Соның ішінде БАҚ өкілдері тарапынан Білім басқармасына қарасты мектептерге енгізілгелі жатқан аппараттық-бағдарламалық кешен жұмысы туралы сауалға тоқталды. Ресми өкіл жаңа жүйенің бірнеше артықшылығын атап өтіп, жоба туралы толыққанды ақпарат айтты,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбектің айтуынша, биыл Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты мектептерге заманауи аппараттық-бағдарламалық кешен орнату жұмыстары басталады. Бұл кешен – білім беру мекемелерінің қауіпсіздігі мен цифрлық инфрақұрылымын арттыру мақсатында қолға алынған ауқымды жоба.

«Жүйені енгізу барысында әр мектептің интернет желісін пайдалану көрсеткіштері жан-жақты зерттеліп, сарапталды. Бұған дейін мектептерде 150 мбит/сек интернет жылдамдығы қарастырылған болатын. Оның 20 мбит/сек дабыл нүктесіне, 30 мбит/сек бейнебақылау жүйесіне, ал 100 мбит/сек оқу процесіне бөлінген еді. Алайда, сараптама нәтижесінде кейбір мектептерде бар-жоғы 20 мбит/сек қосылып отырғаны анықталды. Жүйенің басты артықшылықтарының бірі – интернет жылдамдығының тұрақты мониторингі. Егер жылдамдық төмендеген жағдайда, мамандар мәселенің себебін жедел анықтап, шешім қабылдайтын болады»,- деді С.Құранбек.

Әкім орынбасары бұған қоса, жоба аясында барлық қауіпсіздік жүйелері бір орталықтандырылған кешенге біріктірілетінін, бұған дейін желіні бір компания, бейнебақылау құрылғыларын басқа компания орнатқан болса, енді барлық жүйе өзара үйлесімді жұмыс істейтінін айтты.

x

Check Also

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...