Қазақстанда 28,9 млн тонна мал азығы дайындалды — Xnews — ақпарат агенттігі

Қазақстанда 28,9 млн тонна мал азығы дайындалды

2025–2026 жылғы қыстақ маусымына дайындық аясында ауыл шаруашылығы жануарларына арналған мал азығын дайындау жұмыстары жалғасуда,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Жергілікті атқарушы органдардың мәліметінше, 23 млн тонна шөп (жоспардың 93,6%), шамамен 1,8 млн тонна сүрлемшөп (105,5%), 1,4 млн тонна құрамажем (24,5%), 1 млн тонна сүрлем (50,8%) және 1,8 млн тоннадан астам сабан (39,2%) дайындалған.

Белсенді жұмыс Солтүстік Қазақстан облысында (116,2%), сондай-ақ Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Жетісу облыстарында және Шымкент қаласында (100%) жүргізілуде.

Дайындалған мал азығының көлемі жоспарланған өнім өндіруді, төл алуды және мал басының сақталуын қамтамасыз етуге жеткілікті.

Жалпы, республикадағы мал азығымен қамтамасыз ету жағдайы тұрақты.

x

Check Also

Әлеуметтік қолдау, экология және кәсіпкерлік: сайлауалды үгіт-насихаттың басты тақырыптары

Сайлауалды науқан аясында саяси партиялар еліміздің әр өңірінде түрлі іс-шара өткізіп жатыр. Кездесулерге еңбек ұжымдары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, кәсіпкерлер, сарапшылар ...

Пробежки, дебаты и разговор без галстуков: как проходит предвыборная гонка в Казахстане

Пока одни выходят на пробежку, другие устраивают общественные слушания, отправляются в села, обсуждают проблемы бизнеса или встречаются с семьями, воспитывающими ...