Заңсыз жер иемденуге жол жоқ: “Кең баба” саябағы мемлекетке қайтарылды — Xnews — ақпарат агенттігі

Заңсыз жер иемденуге жол жоқ: “Кең баба” саябағы мемлекетке қайтарылды

Қала аумағындағы заңсыз иемделген жер телімдерін қайтару – тек мүліктік мәселе емес, бұл – қоғам мүддесін қорғау, қоғамдық кеңістікті сақтау және заң үстемдігін қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадам,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Шымкент қаласының дәл жүрегінде орналасқан “Кең баба” саябағы бірнеше жыл бұрын “Алматы-Сапар” ЖШС-не балалар мен жасөспірімдерге арналған эстетикалық және мәдени тәрбие орталығын ұйымдастыру мақсатында уақытша пайдалануға берілген болатын. Алайда жалға беру мерзімі аяқталған соң, жер телімі заңсыз иемделіп, жеке мақсатта қолданылған.

Қалалық әкімдік бұл мәселеге қатысты сотқа жүгініп, Шымкент қаласының Жер ресурстарын басқару департаментінің талап қоюы негізінде Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот “Алматы-Сапар” ЖШС-не тиесілі құқықтық құжаттарды жарамсыз деп таныды. Сот шешімі заңды күшіне енді.

Қазіргі таңда сот шешімі негізінде заңсыз салынған нысандарды бұзу және жер телімін бастапқы қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Қаланың жасыл аймағы – саябақтар мен скверлер – жеке мүдде емес, қоғамдық игілік. Уақытша пайдалануға берілген жерді заңсыз иемдену әрекеттері жүйелі түрде тоқтатылып жатыр. Мемлекет өз меншігін және тұрғындардың ортақ мүддесін сот арқылы қорғауға қауқарлы екенін дәлелдеді. Мұндай істер басқа кәсіпкерлер мен ұйымдарға заң шеңберінде әрекет ету қажеттігін көрсетеді.

«Қаланың қоғамдық кеңістіктері – урбанистикалық мәдениеттің, тұрғындар өмір сапасының айнасы. Мұндай аумақтарды жеке меншікке заңсыз айналдыру – тек заң бұзушылық емес, қаланың даму философиясына қарсы әрекет. Әкімдік пен сот жүйесінің бұл мәселеге нық әрі құқықтық тұрғыда жауап беруі – үлгі боларлық тәжірибе».

Қоғамдық кеңістіктерді қорғау – ортақ міндет. Заң үстемдігі мен ашық басқару осы бағыттағы жұмыстың негізі болуға тиіс.

Яндекс.Погода
x

Check Also

Шымкент қаласында «Таза аула» акциясы: 55 мыңнан астам адам тазалық жұмыстарына қатысты

2026 жылғы 18 сәуірде Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында кең ауқымды жалпықалалық тазалық күні өтті. «Таза аула» ...

Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті

Шымкент қаласында еріктілер қозғалысын дамытуға бағытталған маңызды кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараны Шымкент қаласы Жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ өткізді. ...