Қала әкімі реновация, жол құрылысы және спорт инфрақұрылымын дамыту барысын тексерді — Xnews — ақпарат агенттігі

Қала әкімі реновация, жол құрылысы және спорт инфрақұрылымын дамыту барысын тексерді

Қала әкімі кезекті жұмыс сапары барысында «Түлкілі сайда» салынып жатқан мемориалдық ғибадатхана құрылысымен танысты. Сондай-ақ Назарбаев даңғылынан Бәйдібек би даңғылына шығатын оң жақ бұрылысты ұйымдастыру жобасы қаралды. Жоба жүзеге асқан жағдайда жолдың өткізу қабілеті артып, қозғалыс жүктемесі айтарлықтай азаяды. Құрылыс жұмыстарының қауіпсіздік талаптарына сай жүргізілуі тиісті басқармаға тапсырылды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұдан кейін әкім Тұран ауданында орналасқан қалалық №15 кешенді олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне барды. Қазіргі таңда бұл мекемеде 10 олимпиадалық спорт түрі бойынша 980 жас спортшы жаттығуда. Мектеп ұлттық және бұқаралық спортты дамытуда маңызды рөл атқарады. Осыған байланысты, әкім спорт инфрақұрылымын кеңейту мақсатында мектеп аумағында қосымша жаттығу алаңы мен воркаут аймағын салу мүмкіндігін қарастыруды тапсырды. Бұл жоба жүзеге асқан жағдайда спортшылар үшін қолайлы жағдай жасалып, спортпен шұғылданатын балалар мен жасөспірімдердің саны артпақ.

Сапар барысында Еңбекші ауданындағы реновация бағдарламасы аясында Безделев көшесінде салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыс барысы да тексерілді. Мердігер ұйымға құрылыс жұмыстарын жеделдетіп, белгіленген мерзімде аяқтау қажеттігі ескертілді.

Сонымен қатар, әкім «Текесу» шағынауданындағы жол жөндеу жұмыстары мен «Азат» тұрғын алабындағы көшелерді абаттандыру барысымен танысты. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасын қамтамасыз ету тапсырылды.

x

Check Also

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...

В Шымкенте индустриальная зона «Жұлдыз» получила железнодорожную инфраструктуру

В индустриальной зоне «Жұлдыз» города Шымкент завершено строительство железнодорожного тупика, предназначенного для обслуживания расположенных здесь промышленных предприятий. С результатами выполненных ...