«Қолөнершілер қалашығы» кешені іске қосылады — Xnews — ақпарат агенттігі

«Қолөнершілер қалашығы» кешені іске қосылады

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қала аумағында бой көтеріп жатқан әлеуметтік және мәдени нысандардың құрылыс барысымен танысты. Аралау барысында қыркүйек айында пайдалануға берілетін «Қолөнершілер қалашығы» кешенінің жай-күйіне ерекше назар аударылды.

Жобаның жалпы аумағы 2,3 гектарды құрайды, ал құрылыс жұмыстары 1,5 гектар аумақты қамтып отыр. Туристік және мәдени бағыттағы бұл кешен 8 негізгі функционалды бөліктен тұрады. Мұнда 20 шеберхана, 2 шоурум, көрме залы, мейрамхана, қонақүй және өзге де қажетті инфрақұрылымдар қарастырылған. Сонымен қатар, өңірлік ерекшеліктер мен тұтынушылар сұранысына сәйкес арнайы брендтік каталог әзірленіп, соның негізінде ұлттық кәдесыйлар нарыққа шығарылатын болады.

Әзімбек Пазылбекұлы құрылыс нысанын аралау барысында «Қолөнершілер қалашығы» қазақ халқының дәстүрлі қолөнерін дәріптеп, отандық және шетелдік туристер үшін тартымды мәдени орталыққа айналуы тиіс екенін атап өтті. Сондай-ақ жауапты сала мамандарына құрылыс сапасын арттыру, мерзімді қатаң сақтау және кешенді мазмұндық тұрғыдан жоғары деңгейде ұйымдастыру жөнінде нақты тапсырмалар жүктеді.

Айта кетейік, биыл ақпан айында Түркістан қаласына «World Craft Council» халықаралық ұйымының шешімімен және Дүниежүзілік қолөнер кеңесінің келісімімен «Қолөнершілер қаласы» мәртебесі берілді. Маңызды мәртебе аясында қыркүйектің 26-28 күндері халықаралық деңгейдегі– «ТҮРКІСТАН – ҚОЛӨНЕРШІЛЕР ҚАЛАСЫ» халықаралық фестивалі өтеді деп күтілуде.

Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...