Өскелең ұрпақтың бақыты мен берекелі өмірі – ортақ мақсат — Xnews — ақпарат агенттігі

Өскелең ұрпақтың бақыты мен берекелі өмірі – ортақ мақсат

«Қазақстан – әлем қауымдастығының ажырамас бөлігі. Мемлекетіміз Еуразия құрлығының дәл ортасында орналасқан.

Қазіргі заман бұлыңғыр, тұрақсыз болса да, біз бәріміз жаппай цифрландыру және жасанды интеллект дәуіріне қадам бастық.

Менің негізгі мақсатым – осындай түрлі қатерге толы кезеңде еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Өскелең ұрпақ бақытты, берекелі өмір сүруге тиіс. Сол үшін бәріміз бір ұлт болып, табанды еңбек етуіміз керек. Бұл – баршамызға ортақ өте маңызды жұмыс, аса жауапты азаматтық және ұлттық міндет.

Жұмысымыз қаншалықты күрделі болса да, біз міндетті түрде табысқа жетуіміз керек. Басқа жол жоқ. Себебі, бұл – еліміздің болашағы, халқымыздың тағдыры. Сондықтан барлық реформаны салмақты көзқараспен, мұқият, жан-жақты ойластырып, сапалы түрде жүзеге асыруымыз керек» -деді Президенттің Жолдауында.

Заман ағымынан қалыс қалмау, қазіргі жаһандық сын-қатерлер дәуірінде цифрландыру мен жасанды интеллекттің дамуына ілесу – еліміздің тұрақтылығы мен қауіпсіздігі үшін аса қажет қадам.

Мемлекет басшысы атап өткендей, өскелең ұрпақтың бақыты мен берекелі өмірі – ортақ мақсат. Ол үшін әрқайсымыз табанды еңбек етіп, бір ұлт ретінде біріге білуіміз қажет.

Қандай жағдайда да міндетті түрде табысқа жету- Қазақстанның болашағы, халқымыздың тағдыры. Сондықтан реформаларды салмақты көзқараспен, жан-жақты ойластырып жүзеге асыруға үлес қосу өте  маңызды.

x

Check Also

Әлеуметтік қолдау, экология және кәсіпкерлік: сайлауалды үгіт-насихаттың басты тақырыптары

Сайлауалды науқан аясында саяси партиялар еліміздің әр өңірінде түрлі іс-шара өткізіп жатыр. Кездесулерге еңбек ұжымдары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, кәсіпкерлер, сарапшылар ...

Пробежки, дебаты и разговор без галстуков: как проходит предвыборная гонка в Казахстане

Пока одни выходят на пробежку, другие устраивают общественные слушания, отправляются в села, обсуждают проблемы бизнеса или встречаются с семьями, воспитывающими ...