Кеңес Одағының батыры, жазушы Бауыржан Момышұлының «Тәртіпке бағынған құл болмайды» деген аталы сөзін біз еңбек ететін аудандық сотымызда берік ұстанамыз.
Ата Занымызға негізделе жасалған Қазақстан Республикасының «Сот приставтары туралы» Заңының 1-бабы 1-тармағында «Сот приставы — мемлекеттiк қызметте тұратын және өзiне осы Заңмен жүктелген мiндеттердi орындайтын лауазымды адам» деп нақтыланған. Төл міндетімді мінсіз атқарудамын. Түрлі мәселелермен сотқа жүгінетін жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшiн заңнамада көрсетілген мiндеттi талапқа сәйкес қоя білгендіктен сот ғимаратында тәртіп сақталуда. Қалыптаса бастаған жұмысымызда заңды білу, сыйлау және құрметтеуден тұратын құқықтық мәдениет берік орын алады. Біз ешкімді міндеттемейміз. Жылы шыраймен ілтипат таныта сәлемдесуден басталатын қызметімізде құқықтық мәдениеттілігімізбен көрсетеміз. Қарапайым халыққа жүз рет айтқаннан гөрі бір рет көрсетсеңіз сотта тәртіпті сақтау керектігін аңғарып, тез ұға қояды. Мұны жылдар бойы еткен еңбектің бір өтеуі ретінде көңіліңізге түйіп салқынқандылықтан таймасаңыз жеткілікті. Қандай да бір мәселемен сотқа арыз, шағым, өтініш түсіріп сот алды тыңдауына, сосын сот отырысына келетін адамдарды зиялы қауым өкілі, қарапайым тұрғын деп бөлмейміз, алаламаймыз сотқа жүгінген тараптар ретінде заңнама шеңберіндегі әрекетімізді етеміз. Ел құлағы елу демекші бізде қалыптасқан тәртіпті, жақсы үрдісті адамдар бір-біріне айтатындықтан да болар сотқа жүгінушілер теріс мінез көрсетуден гөрі мәдениеттілігін таныта тәртіпті сақтайды.
Қазақта «Бұлақ басынан тұнады» деген жақсы сөз бар. Төрағамыздың көрсеткен үлгілі ісімен қызметкерлеріміз бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыс орнатып аудандық сотта атқарылған және атқарылып жатқан жұмыстарымызды үзіліссіз жариялап отырады. Бұл шалғайдағы аудандық сот жүйесінде жариялылыққа жарқын жол ашылғанының бір дәлелі болып саналады. Бір ғана мысал ретінде мемлекеттік тілде таза сөйлеп, жазудан бастап әр салада тармақтала атқарған жұмысымызды көрсететін мақалалардың республикалық «Заң газеті» жариялап тұратынын айтуға болады. Тұрғылықты мекен-жайымызға да арнайы жаздырып алатын осы газеттің тұрақты оқырмандары болғандықтан газеттің бізге берері мол. Әріптестерімізбен осы басылым арқылы тәжірибе алмасу да ойымызда бар. Сөйтіп, заман ағымына сай төл міндетімізді адал атқарудан ұтпасақ ұтылмаймыз.
Қорыта айтқанда, күнделікті жұмысымыздағы түрлі мәселелерді мысал ретінде келтірсек жетіп артылады. Сол жұмыстың жақсы атқарылып, өзіндік нәтижесін көрсеткенін, мәйегін бірер сөзбен жеткізу әдептітіліктен аспау деп санаймын.
Xnews: Бұған қосарымыз, «Заң мен тәртіп» акциясы аясында құқық қорғау органдары қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша бірқатар іс-шаралар өткізді. Жол-көлік қозғалысын бақылау, құқықбұзушылықтардың алдын алу және тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру – басты назарда болды. Сондай акциялардың бірінде Шымкент қаласында Ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шара барысында азаматтарды жеке қабылдау, құқықтық кеңес беру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде ақпараттық презентациялар өткізілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері келушілерге құқықтық мәселелер бойынша түсініктемелер беріп, тиісті көмек көрсетті. Ашық есік күніне осы салаға қызығушылық танытқан мектеп оқушылары да қатысты. Олар болашақта құқық қорғау органдарында қызмет етуді мақсат тұтып, елімізде сыбайлас жемқорлықты жою ісіне өз үлестерін қосуға ниетті екендерін білдірді. Одан бөлек профилактикалық рейдтер мен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, азаматтарға заң талаптары жөнінде кеңес берілді. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Маратхан Зәуренбеков,
сот приставы
Zanmedia.kz
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары
