Заңбұзушылықтың алдын алуда айыппұлдың маңызы зор!

Елімізде айыппұлға қатысты түрлі көзқарас көбейіп тұр. Шын мәнінде кейбір заңбұзушылықтардың алдын алуда, азаматтарды тәртіпке салуда айыппұлдардың маңызы зор. Айыппұл жүйесінің тиімділігі, әділеттілігі және халыққа оң әсерін статистика көрсетіп отыр.

Мәселен қоғамдық орында біреуге балағат сөз айтып, түкіру, рұқсат етілмеген жерде шылым шегу, көшеде, подъезде алкогольдік ішімдік ішу секілді әрекеттердің барлығы ұсақ бұзақылыққа жатады. Және бұндай жағымсыз әрекеттерді жасаушыны тәртіпке шақырудың бірден бір жолы айыппұл. Осы орайда айта кетсек, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап айлық есептік көрсеткіш 3932 теңгені құрайды. Қазақстанда айыппұлдар АЕК мөлшерімен есептелетіндіктен, олардың сомасы да артады. Сәйкесінше азаматтарды тәртіпке шақырудың да жауапкершілігі арта бермек. «Тек жүрсең, тоқ жүресің» дегендей тәртіп бұзбай, айнаоасының мазасын алмай жүрген азаматтарды айыппұл да айналып өтпек.

Айыппұл әлемнің көп елдерінің қылмыстық заңындарында кеңінен қолданылады. Мәселен айыппұл Англия, Франция мен АҚШ-та қолданылу жиілігі бойынша кең таралған жазалау шарасы болса, Германия айыппұлды маңыздылығы жөнінен екінші орынға қояды. Қылмыстық жазалау түрі ретінде айыппұлдың артықшылықтарына мыналар жатады: түрмеде отырғандардың санының азаюы; шағын мөлшердегі қылмыс жасағандар мен түрмеде ұзақ отырған ауыр қылмыспен сотталғандардың арасындағы тікелей байланыстың болдырылмауы. Қалтасына салмақ түскенін сезінген әрбір азамат өзін қоғамда дұрыс ұстауға дағдылана бастауы айыппұлдың басты артықшылығы.

Атап айта кетсек, айыппұл — заңда белгіленген ретте және тәртіпте белгілі бір қағидаларды бұзушы тұлғаларға қолданылатын ақшалай айып салу, материалдық ықпал ету шарасы. Әдетте айыппұл ақшалай түрде мемлекет пайдасына алынады. Сондықтан айыппұлға шошып қараудың қажеті жоқ, керсінше дамыған елге айналып, заңға құлақ асатын елге айналудың алғышарты деуге болады.

Xnews: Мысал ретінде, Шымкент қаласында экологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылдың 12 айында бірқатар тексерулер жүргізілді. Жалпы, 38 тексеру ұйымдастырылып, оның ішінде 15 профилактикалық бақылау, 6 талаптарға сәйкестік және 17 жоспардан тыс тексеру өткізілді.
Индустриялық аймақтардағы 14 кәсіпорын тексеріліп, 33 құқық бұзушылық анықталды. Олардың нәтижесінде жалпы сомасы 220 млн теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды. Жалпы алғанда, 101 әкімшілік іс қозғалып, 86 іс бойынша 284,1 млн теңге айыппұл салынды, оның 283,1 млн теңгесі мемлекет пайдасына өндірілді.
Сондай-ақ, 3 әкімшілік іс Шымкент қалалық Полиция департаментіне жолданып, «Эколайф Астана» ЖШС-ға қатысты іс қылмыстық құрам анықталмауына байланысты кері қайтарылды. Нәтижесінде, аталған кәсіпорынға 2,75 млн теңге айыппұл салынды. Тексерулер барысында анықталған құқық бұзушылықтарды жою бойынша 37 нұсқама шығарылған еді.

Бейсенбина Жазира
zanmedia.kz

x

Check Also

Мемлекет басшысы «Жасанды интеллект туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Заң арқылы жасанды интеллект жүйелері қызметінің негізгі қағидаттары енгізілді. Жасанды интеллект жүйелері ақпараттандыру нысаны ретінде анықталды. Енді жасанды интеллект адамның ...

Дроны помогли задержать наркосбытчицу с 2 кг синтетики в Шымкенте

Правоохранители стали всё чаще использовать БПЛА в обеспечении правопорядка. Дроны задействованы в дорожном патрулировании, для контроля на массовых мероприятиях и ...