Түркістан облысында инфрақұрылым саласын жаңғыртуға 170 млн теңгеге жуық инвестиция тартылады — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан облысында инфрақұрылым саласын жаңғыртуға 170 млн теңгеге жуық инвестиция тартылады

Түркістан облысында энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту ұлттық жобасын жүзеге асыру үшін 2025-2029 жылдары аралығында жалпы құны 164 миллион теңгеге жуық инвестиция тарту жоспарланған. Бұл туралы ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Ақтілеу Бекмұратов баяндады.

«Жаңғырту жұмыстары төрт жыл бойы кезең-кезеңмен жүзеге асырылады. Инфрақұрылымдық жүйелерді жаңалау мақсатында инвесторлар есебінен жылумен жабдықтауға — 20,08 млн теңге, электр желілері үшін — 100,8 млн теңге, су жүйелеріне — 34,5 млн теңге, кәріз жүйелеріне — 8,4 млн теңге тарту жоспарланған. Қазіргі таңда өңірдегі электр желілерінің 57 пайызының тозығы жеткен. Ұлттық жобаны жүзеге асыру нәтижесінде 2029 жылға қарай желілердің тозу деңгейін 53,5%-ға дейін азайту жоспарлануда. Бағдарлама аясында қолданыстағы нысандарды жаңғырту және энергия секторында тиімді және қауіпсіз жұмыс істеу үшін заманауи технологияларды қолданысқа енгізу көзделіп отыр. Ал, Леңгір қаласындағы «Леңгір Су» мекемесінде ауыз су жүйелерінің 64% тозған. Ұлттық жобаны жүзеге асыру нәтижесінде 2029 жылға қарай желілердің тозу деңгейін 50%-ға дейін азайту жоспарлануда. Облыс орталығындағы кәріз жүйелерін ретке келтіру бойынша шаһарда 60 пайыз тозығы жеткен жүйелерді 40 пайызға дейін азайтуға болады. Аталған жоба аясында кәріз жүйесіне арналған қаржыландыру көлемі 1 млрд 716 млн теңге»-деді спикер.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...