Заң мен тәртіп – қоғам дамуының негізі

Қоғам тұрақтылығы мен өркендеуінің негізгі тірегі – заң мен тәртіп. Бұл ұғымдар әрбір азаматтың күнделікті өмірінде ерекше орын алуы тиіс. Заңды сақтау – тек қорқыныштан емес, саналы түрде орындалуы қажет әрекет. Ал тәртіп – адамның ішкі мәдениеті мен жауапкершілігінің көрінісі. Заң мен тәртіпке бағыну – азаматтық ұстанымның, парасат пен пайымның белгісі.

Шымкент қаласының тұрғындары бұл қағидатты дұрыс түсініп, өз өмірлерінде ұстануға тырысып келеді. Олардың пікірінше, заң – қоғамдағы әділдік пен қауіпсіздіктің кепілі. Тәртіпке бағыну – өзіңді де, айналаңды да құрметтеу деген сөз. Бұл бағыттағы көзқарасты нақтылау мақсатында Шымкент қаласының тұрғындары арасында блиц-сауалнама жүргізілді.

Сауалнама барысында респонденттерден «Заң мен тәртіпті қалай түсінесіз», «Сіз өзіңіз оны сақтайсыз ба», «Оны қамтамасыз ету кімнің міндеті» деген сұрақтар қойылды. Тұрғындардың басым бөлігі заң мен тәртіпті сақтау – баршаға ортақ міндет екенін атап өтті. Азаматтар жолда жүру ережесін сақтау, қоғамдық орында тәртіпті бұзбау, тазалықты ұстану сынды күнделікті әрекеттердің өзі қоғамға деген құрметтің көрінісі екенін айтты. Сондай-ақ, бұл ұстаным бала тәрбиесінен басталуы керектігін, отбасында берілген тәрбие болашақта елдің заңға деген көзқарасын қалыптастыратынын атап өтті.

Көпшіліктің ортақ пікірі – құқықтық мәдениет тек құқық қорғау органдарының жұмысына тәуелді емес, ол бүкіл қоғамның, әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігімен тікелей байланысты. Қоғамда әділдік пен тыныштық орнауы үшін әр адам өз орнында заңды құрметтеп, тәртіпті ұстануы қажет.

Шымкент – сан түрлі мәдениеттің тоғысқан, жастары жалынды, үлкені өнегелі қала. Осындай ортада тәртіпке бағынған қоғам ғана алға жылжи алады. Әр азамат өз ісіне адал болса, заңды құрметтеп, тәртіпті сақтаса, бұл қала болашақта еліміздегі ең үлгілі орталықтардың біріне айналатыны сөзсіз.

Заң мен тәртіп – жай ұран емес, ол – бейбіт, тұрақты және берекелі өмірдің бастауы.

x

Check Also

Шымкентте 2 мыңға жуық жұмыс орны ұсынылған еңбек жәрмеңкесі өтті

Шымкентте еңбек нарығындағы белсенділік артып келеді. Бүгін қаладағы Көрме орталығында «Еңбек – өмірдің тұтқасы» атты кең ауқымды бос жұмыс орындары ...

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...