Түркістан облысында 59 мың гектар алқапқа су үнемдеу технологиялары ендірілді — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан облысында 59 мың гектар алқапқа су үнемдеу технологиялары ендірілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында ауыл шаруашылығында ең алдымен, суды үнемдейтін озық технологияны енгізу ісін тездетіп, оны қолдану аумағын жыл сайын 150 мың гектарға дейін кеңейту міндетін жүктеген болатын.

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласында су үнемдеу технологияларын енгізуге бағытталған шаралар атқарылып, нәтиже беруде.

Биыл облыста су үнемдеу технологияларын 27 мың гектарға енгізу жоспарланып, бүгінгі таңда нақты 59 мың гектар алқапқа орналастырылды. Оның ішінде, 44 мың гектарға тамшылатып суғару технологиялары, ал 15 мың гектарға жаңбырлатып суғару технологиялары енгізілді. Осылайша, облыста жалпы су үнемдеу технологиялары енгізілген алқап 114 мың гектарға жетіп, суармалы алқаптардың 20 %-ын қамтиды.

Cу үнемдеу технологиялары өндірісін дамыту және қол жетімділігін арттыру мақсатында былтыр Сауран ауданындағы Өндірістік паркінде 3 кәсіпорын іске қосылды. Жоба құны – 12 млрд. теңге. Кәсіпорындардың жылына 73,0 мың гектар алқапты қамтуға мүмкіндігі бар.

Биыл құны 10,0 млрд. теңгені құрайтын, 60 мың гектарға алқапты қамтитын 3 кәсіпорынды іске қосу жоспарланып отыр. Су үнемдеу технологиясын енгізу арқылы ағын су 2 есеге дейін үнемделіп, өнімділік 2-3 есе артады.

Алдағы уақытта іске қосылатын жаңа кәсіпорындар есебінен су үнемдеу технологиялары кеңінен енгізіліп, Түркістан облысымен қатар, көршілес өңірлердің де қажеттілігін қамтамасыз ету көзделіп отыр. Бұл – агросектордағы тиімділікті арттырып, су ресурстарын үнемді пайдалану бағытындағы маңызды қадамдардың бірі.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...