Түркістан облысында биыл 16 жағажай қызмет көрсетті — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан облысында биыл 16 жағажай қызмет көрсетті

Түркістан облысы аумағында жыл басынан түрлі жағдайларда 55 адамның суға кету жағдайы тіркелді. Оның ішінде 25-і кәмелет жасына толмаған балалар. Бұл туралы өткен брифингте Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Оразгелді Нұрмаханұлы баяндады.

«Облыс бойынша арнайы белгіленген орындарда 16 жағажай ресми түрде ашылды. Сондай-ақ, арнайы және ресми шомылуға арналған орындары жоқ елді мекендерде 233 модульді
2 каркасты бассейндер орнатылды. Сонымен қатар, азаматтарға түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында облыстағы БАҚ өкілдерімен бірігіп 673 шара ұйымдастырылды. Атап айтқанда, телеарнада – 45, әлеуметтік желіде – 108, газет-журналда– 284 мақала жарияланды. Жыл басынан 2525 рет рейд жұмыстары жүргізіліп,
нәтижесінде судағы қауіпсіздік қағидаларын бұзған 151 жеке тұлғаға – 2 078 062 теңге, 3 заңды тұлғаға және 3 кәсіпкерге – 235 920 теңге айыппұл салынды»- деді спикер.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...