Жолдау-2024: тұрақты өсу, жасанды интеллектіні дамыту және білім беру бастамалары

IT саласы тұрақты түрде өсіп келеді. Еліміздегі IT-компаниялар саны 18 мыңнан асты, соңғы үш жылда өсім 16%-ды құрады. 1700-ден астам қатысушыны біріктіретін Astana Hub халықаралық технопаркінің дамуы маңызды драйвер болды. Резиденттердің жиынтық табысы 1,2 трлн теңгеге жетті, экспорттық кіріс 140 млрд теңгеден асты.

Өңірлік ІТ хабтар инновациялық экожүйенің негізгі элементіне айналды. Қазірдің өзінде Қазақстанда олардың 19-ы бар. Сонымен қатар Сауд Арабиясы, АҚШ, Ұлыбритания, Дубай және Қытайда шетелдік алаңдар ашылды.

Astana Hub халықаралық серіктестермен бірлесіп стартап-экожүйені дамытуда. AI’Preneurs және Silk Way Accelerator (Google-мен серіктестікте) бағдарламалары шеңберінде қазақстандық жобалар әлемдік нарықтарға шығуда. AlchemistX, Draper University және Silkroad Innovation Hub-пен ынтымақтастықтың арқасында Кремний алқабында 40-тан астам стартап акселерациядан өтті. 2026 жылға қарай Қазақстан $1 млрд көлеміндегі IT-қызметтер экспортына қол жеткізуді мақсат етіп отыр.

Tech Orda бағдарламасы 2025 жылы 100 000 IT маманын оқытуды қарастырып отыр. Онлайн және офлайн бағдарламалар – Tomorrow School, AI’Preneurs, Decentrathon 2.0, сондай-ақ мамандандырылған курстар: AI-People Bootcamp и AI Quest 1.0 жүргізілуде.

Сондай-ақ Орталық Еуразияда алғаш рет мемлекеттік қызметшілерді ЖИ-мен жұмыс істеу дағдыларына үйрететін AI Qyzmet бағдарламасы іске қосылды. Ол жұмыс процестеріне цифрлық құралдарды енгізу арқылы мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыруға бағытталған.

«2024-2025 жылдар ЖИ саласындағы маңызды бастамалар кезеңі болды. 2029 жылға дейінгі тұжырымдама бекітілді, ЖИ және цифрлық трансформацияны дамыту стратегиясы, сондай-ақ жасанды интеллекті бойынша заң жобасы әзірленуде», — деді Жаслан Мәдиев.

Халықаралық Alem.AI жасанды интеллекті орталығын іске қосу жұмыстары жүргізілуде, бұл мамандарды даярлау және ғылыми зерттеулер алаңы болады.

Жақында қазақ тіліндегі ең ірі тілдік модель – AlemLLM баршаға қолжетімді бола түсті. Оны стартаптар, университеттер, компаниялар және халықаралық платформалар қолдана алады.

Шілде айында Орталық Азиядағы алғашқы alem.cloud суперкомпьютерлік кластері іске қосылды. Бұл бизнес пен зерттеушілерге ЖИ саласындағы шешімдерін әзірлеу үшін қол жетімді.

x

Check Also

Шымкентте «Кітап оқитын ұлт» жобасы таныстырылды

Мемлекет басшысының Ұлттық Құрылтайда көтерген бастамасы аясында республикалық жоба іске қосылды Шымкент қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық Құрылтайда көтерген ...

“Форсаж” және “Рэмбо” продюсері Шымкенттегі Global Tech Wave Central Asia конференциясына келеді

Шымкент қаласы Орталық Азияның қазіргі тарихындағы елеулі оқиғаны қабылдауға дайындалуда. 2025 жылдың 12-14 қыркүйегі аралығында Global Tech Wave Central Asia ...