Түркістанда жаңа ойын және спорт алаңшалары пайдалануға берілді — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістанда жаңа ойын және спорт алаңшалары пайдалануға берілді

Тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыру мақсатында қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлының тапсырмасына сәйкес балалар мен жасөспірімдердің спортпен шұғылдануына арналған жаңа 9 ойын және спорт алаңшалары салынып, халық игілігіне берілді.

Осыған дейін қала басшысының халықпен кездесуінде тұрғындар тарапынан ойын алаңшаларын салу туралы ұсыныс-пікір айтылған болатын. Тұрғындардың шағымын ескере отырып, қажетті орындарда, атап айтқанда Қазақбақ, Алтай, М.Әбенова, А.Жангелдин, Мұғалжар, Ш.Уәлиханов, Р.Дастанова көшелерінде ойын алаңшалары, сондай-ақ Хақназар хан мен Ш.Ниязов көшелерінде футбол алаңшалары бой көтерді.

Құрылысы ағымдағы жылдың ақпан айында басталған алаңшалар бүгінде толық аяқталған. Барлық жұмыстар сапа стандарттары мен қауіпсіздік талаптарына сай жабдықталған.

Сонымен қатар, аумақтар абаттандырылып, жасыл желекпен көмкеріліп, тұрғындардың қауіпсіздігі мен қолайлылығы үшін инженерлік инфрақұрылым да қарастырылған.

Айта кетейік, бүгінде Түркістан қаласы аумағында жалпы 250-ге жуық ойын және спорт алаңшасы қолданыста.

Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...