Түркістан облысында қайтарылған активтер есебінен ауылдарды сапалы ауыз сумен қамту жұмыстары жүргізіліп жатыр — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан облысында қайтарылған активтер есебінен ауылдарды сапалы ауыз сумен қамту жұмыстары жүргізіліп жатыр

Елімізде Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында қайтарылған активтер есебінен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Үкімет Түркістан облысында сумен жабдықтау желілерін салуға және жаңғыртуға Арнаулы мемлекеттік қордан 20 млрд-тан астам теңге бөлді.

Қазір өңірде құны 5 млрд теңге болатын Шардара топтық су құбырын салу жұмыстары жүріп жатыр. Қор қаражатынан Жібек жолы, Шеңгелді, Ақ үй, Қаратөбе, Жуантөбе, Жаңадәуір, Есікқорған, Құйған, Ақсу ауылдарындағы сумен жабдықтау жобаларына 4,2 млрд теңге бөлінді.

Ауылдық елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары Сарыағаш, Қазығұрт, Келес, Ордабасы және Отырар аудандарында да жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Сарыағаш ауданындағы магистральді су құбырын жаңарту жұмыстарын аяқтау үшін Арнаулы мемлекеттік қордан 2,5 млрд теңгеден астам қаражат бөлінгені хабарланған еді. Бұл жоба 260 мыңнан астам халқы бар 66 ауылды орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қосуға мүмкіндік береді.

x

Check Also

Әлеуметтік қолдау, экология және кәсіпкерлік: сайлауалды үгіт-насихаттың басты тақырыптары

Сайлауалды науқан аясында саяси партиялар еліміздің әр өңірінде түрлі іс-шара өткізіп жатыр. Кездесулерге еңбек ұжымдары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, кәсіпкерлер, сарапшылар ...

Пробежки, дебаты и разговор без галстуков: как проходит предвыборная гонка в Казахстане

Пока одни выходят на пробежку, другие устраивают общественные слушания, отправляются в села, обсуждают проблемы бизнеса или встречаются с семьями, воспитывающими ...