Президент қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады — Xnews — ақпарат агенттігі

Президент қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын Конституцияның 30 жылдығымен күнімен құттықтады.

“Баршаңызды Конституция күнімен құттықтаймын! Осыдан 30 жыл бұрын өткен референдумда халқымыз Ата заңын қабылдап, тарихи таңдауын жасады. Конституциямыз Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің, қазақ мемлекеттілігінің берік тұғырына айналды. Онда ұлтымыздың бүгінін және болашағын айқындайтын мызғымас құндылықтар мен қағидаттар нақты көрініс тапты. Ата заң Қазақстанның барлық азаматының мүддесін ұлтына, дініне қарамастан бірдей қорғайтын әлеуметтік мемлекет ретіндегі құқықтық іргетасын қалыптастырды. Конституция қоғамдық келісім мен ішкі тұрақтылықтың басты кепілі саналады. Сан түрлі саладағы жетістіктерге осы негізгі заңымызға сүйене отырып қол жеткіздік”, – делінген құттықтауда.

Сондай-ақ ол үш жыл бұрын ел дамуының жаңа тарихи кезеңіндегі міндеттерге сәйкес, ауқымды конституциялық реформа жасалғанын атап өтті. Оның басты нәтижесі – саяси жүйенің «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасының негізінде жаңғыруы.

“Конституциялық реформада адам құқықтарын қорғауға, Заң мен тәртіп үстемдігін орнықтыруға баса мән берілді. Ата заңға әлемдік тәжірибеде бұрын-соңды болмаған, инновациялық сипаттағы бірқатар жаңа ереже енгізілді. Қазақстанның конституциялық реформасына Венеция комиссиясы және өзге де беделді халықаралық ұйымдар, сондай-ақ шетелдік сарапшылар оң бағасын берді”, – деп қосты Тоқаев.

Президент әділетті, Таза, Қуатты әрі Қауіпсіз Қазақстан құрамыз десек, азаматтарымыз Ата заңды құрметтеп, оның барлық ережесін мүлтіксіз сақтауы керек дейді.

“Қазақстан Республикасының стратегиялық мақсаттарына ұлтымызды жұмылдыратын Конституциямыздың аясында барша азаматымыздың Отанымызды өркендету үшін жасампаздықпен еңбек етуіне барлық жағдай жасалған. Еліміздің барша азаматына зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!” – деп түйіндеді мемлекет басшысы.

x

Check Also

Казахстан опередил США по площади восстановления внутренних водоёмов

Казахстан вошёл в десятку стран с наибольшей площадью восстановления пресноводных водоёмов. В рейтинге, который опубликовал проект GEOSTATISTICA, республика заняла шестую ...

Казахстанская AgriTech-компания выводит спутниковую технологию мониторинга животных на международные рынки

ТОО «iGps Tech» разработала спутниковую систему мониторинга сельскохозяйственных животных, которая работает даже в районах без покрытия сотовой связи. Отечественная технология ...