Ұлттық жоба аясындағы өңірлік сессия: Инфрақұрылымды жаңғырту мен инвестиция тарту мәселелері талқыланды — Xnews — ақпарат агенттігі

Ұлттық жоба аясындағы өңірлік сессия: Инфрақұрылымды жаңғырту мен инвестиция тарту мәселелері талқыланды

Бүгін ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің өкілі Арман Мәліктің төрағалығымен «Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыруға арналған өңірлік сессия өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Комитет өкілі өз сөзінде коммуналдық және энергетикалық жүйелерді жаңғырту – ел экономикасының тұрақты дамуы мен халықтың өмір сүру сапасын арттырудың негізі екенін атап өтті. Сонымен қатар, жобаның міндеттерін орындауда отандық бизнес пен өндірушілерді тартудың ерекше маңыздылығына тоқталды.

Кездесуге қала әкімінің орынбасары Арман Сәбитов, табиғи монополия субъектілері, құрылыс және жобалау компаниялары, отандық өндірушілер, кәсіпкерлер, салалық қауымдастықтар, қаржы институттарының өкілдері, сондай-ақ Түркістан және Жамбыл облыстарынан делегациялар қатысты. Сессияда ұлттық жобаның инженерлік желілерді жаңартуға және стратегиялық маңызды салаларға қосымша инвестициялар тартуға мүмкіндік беретін практикалық құралдар талқыланды.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ, «Қазцентр ЖКХ» АҚ және «Қазақстан Даму Банкі» АҚ өкілдері жұмыс барысы мен алдағы жоспарларды баяндады. Ұлттық жобаны тиімді іске асыру тек мемлекет, бизнес және сараптамалық қауымдастық арасындағы әріптестік нәтижесінде мүмкін болады.

Айта кетейік, «Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС тозу деңгейі 73,5% болатын кәріз желілерін пайдаланып отыр. Жүктемені азайту және жүйелердің сенімділігін арттыру мақсатында 164,4 шақырым кәріз желісін жаңғырту көзделген. Жобаны іске асыру тозу деңгейін 16%-ға төмендетуге мүмкіндік береді. 2026 жылы Шымкент қаласында жалпы инвестиция көлемі 44,9 млрд теңгені құрайды.

Бүгінгі кездесу Ұлттық жобаның мақсаттарын кеңінен түсіндіруге, тәжірибе алмасуға және барлық мүдделі тараптарды жаңғырту процесіне тартуға бағытталды.

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...