Шымкентте ҚХА мүшелері «Мектепке жол» акциясы аясында 532 оқушыға қолдау көрсетті

Бүгін Шымкенттегі Достық үйінде қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы «Жомарт жан» жобасы аясында «Мектепке жол» акциясын бастады.

Қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ақсақалдар кеңесінің мүшесі, кәсіпкер А.Халназаровтың тікелей атсалысуымен акция аясында әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған және көп балалы отбасыдан шыққан 100 оқушыға 1,5 млн. теңгенің мектепке қажетті оқу құралдарын (сөмке, дәптер, пенал, түрлі-түсті қалам, қаламсаптар және т.б.) табыстады.

Игі іс-шараға қалалық ҚХА төрағасының орынбасары Тахирбек Нишанбаев, қалалық ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Арипджан Халназаров және «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Нұркен Әлімқұлов қатысып, оқушылардың білім алуына қажетті керек-жарақтарын үлестірді.

Аталған акцияны Ассамблея алаңында ұйымдастырған жауаптылардың айтуынша, бұдан бөлек, қалалық ҚХА жанындағы Аналар кеңесі бастауыш сыныптарға баратын 32 бүлдіршінді қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз етуді өз жауапкершілігіне алса, қалалық этномәдени бірлестіктердің белсенділері Шымкенттің 13 нүктесінде дәл осы мақсатта қайырымдылық іс-шарасын өткізіп, 6 млн. теңгенің заттарын аз қамтылған, әлеуметтік осал топтар мен көп балалы отбасылардан шыққан балаларға таратуда.

Әрбір ата-ана үшін ең басты бақыт – балаларының қуаныштан балбұл жана күлімсіреуі екендігі сөзсіз. Біз де тұнжыраған балақайлардың көздеріне қуаныштың нұрын себуге мүмкіндігіміз бар. Егер Қазақстанның әрбір еңбекке жарамды азаматы тұрмысы төмен жанұялардың балаларына көмек қолын ұсынса, балалардың жүздері тек бақыттан жарқырары сөзсіз. Тиісінше мектепке қатысушылық ұлғаяды, балалардың білім деңгейлері өседі. Ендеше әрбір балаға мектепке қарай аяқ басып, өмірде өз жолдарын табуларына үлес қосайық!

Айта кетейік, Шымкент қалалық ҚХА мүшелерінің қолдауымен «Мектепке жол» акциясы аясында жалпы, 7,9 млн. теңгенің көмегін шымкенттік 532 оқушыға табыстады.

x

Check Also

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...