Түркістан: 2025 жылдың 7 айы жол-көлік оқиғалары (жол апаттары) бойынша ақпарат

2025 жылдың 7 айында Түркістан облысы бойынша 716 (2024 жылы 7 айы — 575) жол-көлік оқиғасы (ЖКО) тіркелді, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 24,5%-ға өскен.

Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде зардап шеккендер саны 28,3% — ға артты (826-дан 1060-қа дейін), оның ішінде жарақат алғандар саны 26,7% — ға өсті (708-ден 897-ге дейін), қаза тапқандар саны 38,1% — ға өсті (118-ден 163-ке дейін).

Ең көп жол-көлік оқиғасы тіркелген аудандар, Жетісай — 107, Сайрам — 102, Түркістан қаласы — 93, Түлкібас — 46, Арыс — 45, Келес — 44, Төлеби — 36, Шардара — 33, Ордабасы — 32, Сауран — 30, Сарыағаш — 29, Созақ — 23, Отырар — 22, Қазығұрт – 21, Кентау қаласы — 19, Бәйдібек — 18, Мақтаарал – 16.

Жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері әлі де жол қозғалысы ережелерінің сақталмауы болып табылады, соның ішінде белгіленген жылдамдықтың асыра орындалуы және жаяу жүргіншілердің жолды белгіленбеген жерден кесіп өтуі.

Құрметті облыс тұрғындары, қонақтар және туристер Жол қозғалысы ережелерін сақтауды сұраймыз.

Сондай-ақ, еліміздің жолдарындағы жол-көлік оқиғалары туралы толық ақпаратты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің «https//gis.kgp.kz» порталындағы «Авариялық карта» бөлімінен қарауға болатынын еске саламыз.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті

x

Check Also

Дроны помогли задержать наркосбытчицу с 2 кг синтетики в Шымкенте

Правоохранители стали всё чаще использовать БПЛА в обеспечении правопорядка. Дроны задействованы в дорожном патрулировании, для контроля на массовых мероприятиях и ...

Шымкентте дронның көмегімен 44 жастағы әйел қылмыс үстінде ұсталды

Ішкі істер министрлігінде полиция жұмысының тиімділігін арттыруға және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған цифрлық технологияларды жүйелі түрде енгізу жұмысы жалғасуда. ...