Шымкент қаласында білім беру саласына ерекше көңіл бөлініп келеді. Соның бір дәлелі — №99 мектеп-гимназиясында жүргізіліп жатқан ауқымды күрделі жөндеу жұмыстары.
2025 жылдың ақпан айында басталған жөндеу жаңа оқу жылына дейін толық аяқталады деп күтілуде. Қазіргі таңда жұмыстардың 97 пайызы сәтті аяқталған.
Жөндеу жұмыстары аясында:
• Сынып бөлмелері жаңартылуда,
• Инженерлік-коммуникациялық жүйелер жаңғыртылып,
• Қауіпсіздік талаптары күшейтіліп,
• Мектеп ауласы мен ішкі инфрақұрылым жаңа кейіпке еніп келеді.
Барлық жұмыс мерзімінде әрі сапалы орындалуы үшін тұрақты бақылауда тұр.
Бұл — балаларымыздың жайлы, заманауи және қауіпсіз ортада білім алуына жасалған маңызды қадам. Жаңа оқу жылын оқушылар мен ұстаздар жаңарған мектеп қабырғасында қарсы алады!
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбындағы тамыз конференциясының пленарлық отырысында «Нағыз «Адал азамат» мектеп қабырғасында қалыптасады. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов «Мектептің жаны – мұғалім» деген. Біз өркениетті ел боламыз десек, ұстаздарға барынша жағдай жасауымыз керек.
Мен білім беру саласына айрықша мән беремін. 2019 жылы Президент ретінде қабылдаған алғашқы шешімдердің бірі ұстаздарға қатысты болғанын білесіздер. Қазір – білім мен ғылымның заманы. Жаһандану дәуірінде озық білімді игерген, жаңа технологияны меңгерген елдің ұпайы түгел болады. Бүгін саналы ұрпақ тәрбиелей алсақ, ертең заман көшінің басында жүреміз. Сондықтан осы саланы қолдау мемлекеттік саясаттың негізгі басымдығы болып қала береді.
Соңғы жылдары бұл бағытта ауқымды жұмыс атқарылды. 2019 жылдан бері білім саласының бюджеті үш есе артты. Осы уақытта 1 миллионнан астам оқушыға арналған 1200 мектеп ашылды. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында жалпы саны 217 мектеп құрылысы жоспарланды. Қазір 128 мектеп салынды. Бұдан бөлек, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаржысына алпыстан астам мектеп ашылды. Тағы 30-ға жуығы салынып жатыр» деген еді.
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары
