Шымкент: Түркиялық инвесторлар ауылшарушылығын дамытуға ниетті — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкент: Түркиялық инвесторлар ауылшарушылығын дамытуға ниетті

Шымкентке Түркияның Görkem Agricultural Products Food Plastic Packaging LTD. Sti. компаниясының өкілдері арнайы сапармен келді,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мақсат – қаланың ауыл шаруашылығы саласындағы мүмкіндіктерімен танысу және бірлескен жобаларды талқылау.

Аталған компания анар, шие, өрік және апельсин, мандарин, лимон сияқты цитрус дақылдарын өсіру, қаптау және сақтау ісінде тәжірибесі мол.

Сапар барысында инвесторлар бау-бақша отырғызу, жылыжай кешендері мен көкөніс сақтау қоймасын салу, сондай-ақ көшет өндіру жобаларын қарастырды.

Мұндай жоба қалада ауыл шаруашылығын әртараптандыруға, жаңа технологияларды енгізуге, қосымша жұмыс орындарын ашуға және жергілікті экономиканы дамытуға елеулі үлес қосады деп күтілуде.

Ал, компания туралы айтар болсақ, GörkemAgricultural Products Food PlasticPackaging Ltd. Sti. компаниясы 2001 жылы құрылған және әлемдік ауыл шаруашылығы орталықтарының бірі болып табылатын Түркияның Анталья қаласында орналасқан. Негізгі қызметі заманауи технологияларды және жоғары сапа деңгейін қолдана отырып, ауылшаруашылық өнімдерін өндірумен және буып-түюмен байланысты. Компанияның өндірістік қуаттылығы 18 500 м² аумақты алып жатыр, оның 12 000 м²-жалпы сыйымдылығы 10 000 тоннаға дейін өнімді орау цехы мен тоңазытқыш қоймаларын қамтитын жабық аумақ. Компания өз жұмысында сапа мен адами құндылықтарға баса назар аударады, бұл оның сенімді дамуына және аграрлық салада көшбасшы позициясын иеленуіне мүмкіндік береді. Компанияның негізгі өнімдері — анар, шие, өрік және цитрустың әртүрлі түрлері. Негізгі өнім анар болып табылады, оның ең төменгі жылдық сату және сақтау қуаты 8500 тоннаны құрайды.

 

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...