Жеңіл өнеркәсіптегі жаңа толқын: Қазақстан 9 жобаны іске қосып, бизнеске шығындардың 40%-на дейін өтейді — Xnews — ақпарат агенттігі

Жеңіл өнеркәсіптегі жаңа толқын: Қазақстан 9 жобаны іске қосып, бизнеске шығындардың 40%-на дейін өтейді

Қазақстанда жеңіл өнеркәсіп қарқын алуда – 2025 жылы 600-ге жуық жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретін 9 жаңа инвестициялық жоба іске қосылады. Соңғы 5 жылда сала 3 мыңнан астам жұмыс орнын толықтырып, 40-тан астам жобаны жүзеге асырды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне сілтеме жасап.

Бүгінде елімізде 1400-ден астам жеңіл өнеркәсіп кәсіпорны жұмыс істейді, оның жартысынан астамы киім тігушілер.

Анықтама:
803 — тігін өндірісі,
481 — тоқыма өнеркәсібі,
122 — тері және ілеспе бұйымдар шығаратын кәсіпорын.

Мемлекет бизнеске қолдау көрсетуді арттыруда: 2024 жылдың мамыр айынан бастап кәсіпкерлер жабдықты сатып алуға кеткен шығындардың 40%-ға дейінін өтей алады, ол жылына 60 млн теңгеге дейін қаражатты құрайды.

Одан бөлек, сала жылына 3 пайызбен жеңілдетілген қаржыландыруға қол жеткізіп, 9 арнайы экономикалық аймақтағы басым бағыттардың тізіміне енді. Отандық тауар өндірушілерді қорғау үшін 1100-ден астам тауар түрлерін мемлекеттік сатып алудағы ұлттық режимнен екі жылға босату қарастырылған.

Мемлекет жергілікті өндіріске үміт артып, «Қазақстанда жасалған» өнімдерді тігіп, тоқып, өнім шығаратындарға көмектесуге дайын.

x

Check Also

В Шымкенте индустриальная зона «Жұлдыз» получила железнодорожную инфраструктуру

В индустриальной зоне «Жұлдыз» города Шымкент завершено строительство железнодорожного тупика, предназначенного для обслуживания расположенных здесь промышленных предприятий. С результатами выполненных ...

Шымкент: «Жұлдыз» индустриалды аймағы теміржол инфрақұрылымымен қамтылды

Шымкент қаласындағы «Жұлдыз» индустриалды аймағында орналасқан өнеркәсіптік кәсіпорындарға қызмет көрсетуге арналған тұйықталған теміржол желісінің құрылысы аяқталды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков ...