Отандық өндіріс металлургия, жеңіл және электроника өнеркәсібіндегі импортты алмастырады — Xnews — ақпарат агенттігі

Отандық өндіріс металлургия, жеңіл және электроника өнеркәсібіндегі импортты алмастырады

Қазақстанда отандық өнімнің үлесі артып келеді. Бұл үрдіс металлургия, жеңіл өнеркәсіп және электроника салаларында байқалады. Тауарлардың ішкі өндірісінің ұлғаюы нәтижесінде импорттық өнімдер біртіндеп ауыстырылады,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне сілтеме жасап.

«Отандық өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарын қолдаудың пәрменді құралдарының бірі реттелетін сатып алуларға қатысуға басым құқық беру болып саналады», — деп атап өтті өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев.

Осы құралдың арқасында отандық тауарлардың 4 834 астам позициясына басымдық берілді. Осы жылғы 5 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар отандық тауар өндірушілермен 303 млрд теңге болатын 96 мыңнан астам келісімшартқа отырды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 есе жоғары.

Жыл басынан бері өңдеу өнеркәсібінің өсімі 7,2%-ды құрады

Осы жылдың қаңтар-сәуір айының қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібі 7,2% деңгейінде өсім көрсетті. Бұл туралы Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев баяндады.

Ең жоғары өсім машина жасау – 111,2%, химия өнеркәсібі – 111,2%, құрылыс индустриясы – 112,9% және жиһаз өндірісі – 114,8% салаларында байқалады.

Өңірлерде шағын өнеркәсіптік аймақтарға сұраныс артып келеді

2024 жылы Үкімет өңірлерге инвестиция тарту және шағын-орта бизнесті қолдауға бағытталған шағын өнеркәсіптік аймақтар бағдарламасын енгізді.

Өнеркәсіп министрлігінің мәліметінше бүгінгі таңда 8 өңірде жалпы аумағы 200 мың шаршы метрден асатын 34 шағын өнеркәсіптік аймақтар жобасы іске асырылып жатыр. Бұл жобаларға бюджеттен 46,6 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді.

«Қазірде бұл бағдарламаға бизнес тарапынан жоғары сұраныс болғандықтан, қосымша қаржы бөлу мәселесі қарастырылуда», — деп атап өтті Ерсайын Нағаспаев.

 

Яндекс.Погода
x

Check Also

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...

Түркістанда толық циклді мақта-тоқыма кластері дамуда

Түркістан облысында ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жүйелі түрде жалғасып келеді. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» жобасын ...