Олжас Сапарбеков Burkhan World Investments өкілдерімен кездесті — Xnews — ақпарат агенттігі

Олжас Сапарбеков Burkhan World Investments өкілдерімен кездесті

Бүгін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс Вице-министрі Олжас Сапарбеков Burkhan World Investments (BWI) халықаралық инвестициялық компаниясының Бас директоры Шахал М.Ханмен кездесті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне сілтеме жасап.

Келіссөздер шеңберінде Тараптар Қазақстан экономикасының негізгі салаларына – тау-кен металлургия кешені мен машина жасау өнеркәсібіне инвестициялар тарту мүмкіндіктерін талқылады. Жоғары технологиялық өндірістерді дамыту және Қазақстан Республикасының аумағында өнеркәсіптік қуаттарды оқшаулау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Burkhan World Investments-2021 жылы американдық кәсіпкер Шахал М. Хан құрған халықаралық инвестициялық холдингтік компания. Компанияның штаб-пәтері Абу-Дабиде (БАӘ), Майамиде және Вашингтонда (АҚШ) орналасқан. BWI телекоммуникация, энергетика, жылжымайтын мүлік, табиғи ресурстар, жасанды интеллект, киберқауіпсіздік, ауыл шаруашылығы және азық-түлік қауіпсіздігін қоса алғанда, тұрақты және инновациялық салаларға стратегиялық инвестицияларды жүзеге асырады.

Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар ұзақ мерзімді және өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға өзара қызығушылық танытты. Нақты инвестициялық жобаларды пысықтау мақсатында диалогты жалғастыру жоспарлануда.

x

Check Also

В Шымкенте индустриальная зона «Жұлдыз» получила железнодорожную инфраструктуру

В индустриальной зоне «Жұлдыз» города Шымкент завершено строительство железнодорожного тупика, предназначенного для обслуживания расположенных здесь промышленных предприятий. С результатами выполненных ...

Шымкент: «Жұлдыз» индустриалды аймағы теміржол инфрақұрылымымен қамтылды

Шымкент қаласындағы «Жұлдыз» индустриалды аймағында орналасқан өнеркәсіптік кәсіпорындарға қызмет көрсетуге арналған тұйықталған теміржол желісінің құрылысы аяқталды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков ...