Шардара қаласының барлық шағынаудандарына су жіберілді — Xnews — ақпарат агенттігі

Шардара қаласының барлық шағынаудандарына су жіберілді

«Шардара» су қоймасындағы су деңгейінің төмендеуіне байланысты су жеткізу мәселесі туындаған болатын. Осыған орай облыс әкімінің тапсырмасымен жедел штаб құрылып, іс-қимыл алгоритмі бекітілген. Бас су торабының І көтеріліміндегі сорғыға қажетті су жетпеуіне байланысты қосымша су айдағыш насос орнатылып, су құбыры іске қосылды. Нәтижесінде аса маңызды нысандар, аурухана, көпқабатты пәтерлерге су жеткізілді.

06.08.2025 жылы кешкі сағат 20:50-де екінші су айдағыш насосы іске қосылды. Аталған су айдағыш насосоқа диаметрі 200 мм полиэтилен су құбыры жалғанып, Шардара су қоймасынан су Шардара қаласындағы бас су торабына жеткізілуде.

– Бүгінгі таңға Шардара қаласының барлық шағынауданына су жіберілді. Сондай-ақ қала аумағындағы тұрғын үйлерге 28 су жинау ыдысы орнатылып, су тасымалдайтын 10 арнайы көлік тұрақты жұмыс істеуде. Бұл облыс әкімдігі өкілдері мен аудан басшылары, қызметкерлер тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырып, жұмыстар тұрақты жүргізілуде, – деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...