Шымкент: Текесу тұрғын алабында сумен жабдықтау жүйесі іске қосылды

Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков сумен жабдықтау жүйесі іске қосылған Текесу тұрғын алабын аралады. Мегаполис басшысы жергілікті тұрғындарды маңызды оқиғамен құттықтап, жобаның маңыздылығын атап өтті.

Бұл бағыттағы жұмыстар әкімнің тапсырмасы бойынша жүзеге асырылды. Халықпен кездесулердің бірінде жергілікті тұрғындар ауыз суға тұрақты қол жетімділіктің жоқтығына назар аударған болатын.

Жоба 130 абонентті сапалы ауыз сумен қамтуға бағытталып, 14 шақырым су құбыры жүргізілді. Жұмыстар демеушілер қаражаты есебінен жүргізілді.

Қала әкімі демеушілер мен мердігер ұйымдарға көрсеткен әлеуметтік жауапкершіліктері үшін алғысын білдірді. Бірлескен жұмыстар нәтижесінде жергілікті халық санитарлық талапқа сай таза, үздіксіз ауыз суға қол жеткізді.

Шымкент қаласының инженерлік инфрақұрылымы — бұл қала өмірінің тиімділігін қамтамасыз ететін жүйелер мен құрылымдардың жиынтығы, олар тұрғындарға қажетті негізгі қызметтерді ұсыну үшін маңызды. Шымкент — Қазақстанның үшінші үлкен қаласы болып табылады және оның инженерлік инфрақұрылымы айтарлықтай кеңеюде. Қалада өмір сапасын арттыру және экономикалық дамуды қамтамасыз ету үшін инженерлік инфрақұрылым саласында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда.

Су — Шымкент қаласының маңызды ресурсы. Қаладағы су жүйесі жыл сайын жақсартылып, кеңейтілуде. Шымкент қаласы мен маңайындағы тұрғындарға ауыз су жеткізу жүйесі үнемі жаңартылып, қаланың өсуіне сәйкес кеңейтіліп келеді. Су тазарту станциялары мен су құбырлары жүйесі жаңартылып, сапалы ауыз су жеткізу мәселесі шешіліп жатыр.

Канализация және сарқынды су жүйелері: Қалада сарқынды су жүйесін жақсарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Канализация жүйесін кеңейту, жаңарту және экологиялық таза өңдеу әдістерін енгізу жобалары қолға алынған.

x

Check Also

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...