Шымкентте медиация күніне орай ашық есік күні өтті

Шымкент қаласында «Құқық қорғау және татуласу орталығында» Медиация күніне арналған ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шара Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне орайластырылып, қала тұрғындарына медиацияның маңызын кеңінен түсіндіруді мақсат етті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласының Қоғамдық келісім баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ашық есік күнін Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Медиация кеңесі өткізді. Іс-шараға этномедиация кеңесінің мүшелері, кәсіби медиаторлар мен заңгерлер қатысып, тұрғындарға құқықтық және медиативтік кеңес берді.

Ашық есік күнін өткізудің мақсаты – қоғамда медиация мәдениетін қалыптастыру, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және дауларды сотқа жеткізбей, тиімді әрі бейбіт жолмен шешу жолдарын насихаттау болды. Ашық есік күні аясында тұрғындар отбасылық, еңбек, мүліктік және этносаралық мәселелер бойынша тегін кеңес алып, өз құқықтарын қорғау мүмкіндігіне ие болды. Іс-шара аясында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында этномедиацияның рөлін арттыру жөнінде берген тапсырмасы ерекше атап өтілді. Осы тапсырма негізінде медиация институтын кеңінен насихаттау және дамытуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

— Жыл басынан бері Медиация кеңесі этнос өкілдері тығыз орналасқан шағынаудандар мен жоғары оқу орындарында ақпараттық-түсіндіру кездесулерін тұрақты өткізіп келеді. Бұл кездесулерде азаматтарға медиация рәсімдерінің құқықтық негіздері, татуласу әдістері және этносаралық дауларды шешу жолдары жан-жақты түсіндіріледі, — деді Шымкент қалалық ҚХА хатшылығының меңгерушісі Айгүл Әмзеева.

Сонымен қатар, кеңес құрамындағы медиаторлар этномедиацияның қоғамдағы орны мен маңызын ерекше атап өтті. Олар бұл үдерістің бейбітшілік пен қоғамдық келісімді нығайтудағы рөліне тоқталып, медиацияның этносаралық қатынастарды реттеуде тиімді құрал екендігін жеткізді.

x

Check Also

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...