Отын-энергетика кешені салаларында 14 мыңнан астам жұмыс орны құрылады

Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында биыл отын-энергетика кешенінде 14 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған. Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика вице-министрі Құдайберген Арымбек мәлімдеді, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Ол отын-энергетика кешенінің негізгі салаларында еңбек нарығының ағымдағы дамуы туралы баяндады.

«Бүгінгі таңда отын-энергетика кешенінде 1671 кәсіпорын бар, онда түрлі кәсіп бойынша 303 мыңнан астам жұмыскер жұмыспен қамтылған. Биыл отын-энергетика кешені салаларында 14 мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарланған. Бүгінгі таңда мұнай-газ химиясында жұмыс істеп тұрған 6 кәсіпорында 2 мыңға жуық адам еңбек етіп жатыр. Осы жылы қосымша 945 жұмыс орнын құру жоспарланып отыр. Жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) саласындағы 156 кәсіпорында шамамен 2 мың адам жұмыспен қамтылған, биыл қосымша шамамен 3 мың жұмыс орнын құру жоспарланып отыр», — деді Энергетика вице-министрі Құдайберген Арымбек.

Сонымен қатар ол мұнай-газ саласындағы 1500 кәсіпорында шамамен 200 мың адам жұмыспен қамтылғанын, осы жылы тағы 6 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құру жоспарланып отырғанын атап өтті. Электр энергетикасындағы 220 кәсіпорында шамамен 70 мың адам жұмыспен қамтылған, биыл 3 мыңнан астам жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру шеңберінде отын-энергетика кешенінде жаңа жұмыс орындарын кезең-кезеңімен құру көзделген. Осылайша, 2029 жылдың соңына дейін 70 мыңға жуық жұмыс орнын құра отырып, 200-ден астам жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр.

«Кадрларды даярлау жүйесін жетілдіру, білім беру бағдарламаларын еңбек нарығының талаптарына бейімдеу үшін ҚР Энергетика министрлігінде 2 консультативтік-кеңесші орган – электр энергетикасы және мұнай-газ салаларындағы кәсіптік біліктіліктер жөніндегі салалық кеңестер құрылды. Салалық кеңестер кәсіптік стандарттарды әзірлеу және бекіту бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. 2025 жылға: мұнай-газ саласында 17 кәсіптік стандартты өзектендіру, энергетика саласында 27 кәсіптік стандартты өзектендіру және 4 кәсіптік стандартты әзірлеу жоспарланған. Бүгінгі таңда мұнай-газ саласында барлық 17 кәсіптік стандарт оң қорытынды алу үшін «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» акционерлік қоғамында модерацияда тұр. Энергетика саласында – 23 кәсіптік стандарт бойынша оң қорытынды алынды, 8 кәсіптік стандарт «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» акционерлік қоғамында сараптамада. Энергетика министрлігі еңбек нарығын дамытуға бар күшін салады», — деді Энергетика вице-министірі.

x

Check Also

Тағы да бір кезекті ота, тағы да бір өмір

Дәрігерде үш қару бар. Олар: сөз, өсімдік, пышақ. © Ибн Сина (Авиценна). Жұмысшы мамандықтар жылы: дәрігер – өмір сақшысы. 2025 ...

Аграрлық сектордың жаңа бағыты: Қаржыландыру, цифрландыру, инвестиция және экспорт

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің форумында агроөнеркәсіп кешенін кешенді жаңғыртудың жаңа кезеңін таныстырып, саланы қаржыландыру, цифрландыру, инвестиция тарту ...