Еңбегінің арқасында құрметке бөленді

Күні кеше елімізде көлік саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі кең көлемде аталып өтті. Осы атаулы күн аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сала үздіктерін арнайы марапаттап, олардың ел дамуына қосып жатқан өлшеусіз үлесін ерекше екенін айтты,-деп хабарлайды Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Президент өз құттықтауында көлік саласы мамандарын еліміздің дамуына елеулі үлес қосып отырған нағыз еңбек адамдары ретінде бағалап, бұл саланың стратегиялық маңызын ерекше екеніне тоқталды.

– Мемлекет үшін көлік саласының стратегиялық маңызы айрықша. Бұл – айқын нәрсе. Көлік жүйесі – әрбір елдің дамуының көрінісі. Онсыз экономиканың алға басуы мүмкін емес. Сондықтан бұл салаға біз аса маңызды басымдық ретінде қараймыз, – деді Мемлекет басшысы.

Марапатқа ие болғандар қатарында біздің өңірден шыққан мақтан тұтар азаматтар да бар. Солардың бірі – көлік саласында 44 жылдан астам уақыт үздіксіз еңбек етіп келе жатқан Дархан Каюпов. Көп жылғы табанды еңбегі мен көлік логистикасының дамуына қосқан зор үлесі үшін ол Мемлекет басшысының Жарлығымен «Құрмет» орденімен марапатталды. Бұл марапат – биылғы «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында қарапайым еңбек адамына көрсетілген зор құрметтің белгісі.

Дархан аға еңбек жолын Шымкент қаласындағы Қазақ химия-технологиялық институтын 1974 жылы инженер-механик мамандығы бойынша аяқтағаннан кейін бастаған. Кейін 1986–1988 жылдары Өскемен құрылыс-жол институтында білімін жалғастырып, автокөлік саласындағы инженер-механик мамандығын меңгерген. Осы салада қажырлы еңбек етіп, бүгінде «Южавтотранс» қауымдастығының төрағасы қызметіне дейін көтерілді.

Осындай қажырлы еңбегімен ел дамуына өлшеусіз үлес қосып келе жатқан ардақты азамат, өз ісінің нағыз шебері Дархан Каюповты лайықты марапатымен шын жүректен құттықтаймыз!

x

Check Also

Қазақстан әлемдегі топ-100 суперкомпьютер қатарына енді

Ұлттық суперкомпьютер «Alem.Cloud» әлемдегі ең қуатты есептеу жүйелерінің халықаралық рейтингі TOP500 тізімінде 86 орынды иеленді. Бұл рейтингке тек HPL (High-Performance ...

Мемлекет басшысы «Жасанды интеллект туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Заң арқылы жасанды интеллект жүйелері қызметінің негізгі қағидаттары енгізілді. Жасанды интеллект жүйелері ақпараттандыру нысаны ретінде анықталды. Енді жасанды интеллект адамның ...