Ел Президенті Түркістандық еңбек адамдарын мемлекеттік наградамен марапаттады — Xnews — ақпарат агенттігі

Ел Президенті Түркістандық еңбек адамдарын мемлекеттік наградамен марапаттады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көлік саласының қызметкерлерін марапаттады. Президент ең алдымен, көлік саласы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, оларды еліміздің дамуына елеулі үлес қосып жатқан нағыз еңбек адамдары ретінде атады.

– Мемлекет үшін көлік саласының стратегиялық маңызы айрықша. Бұл – айқын нәрсе. Көлік жүйесі – әрбір елдің дамуының көрінісі. Онсыз экономиканың алға басуы мүмкін емес. Сондықтан бұл салаға біз аса маңызды басымдық ретінде қараймыз. Көлік құралдары – экономиканың қозғаушы күші, өсіп-өркендеу кепілі десек, артық болмайды. Еліміздің осы саладағы мүмкіндіктері мол, тіпті, бірегей деуге болады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Салтанатты жиында еліміздің көлік саласын дамытуға, қатынас жолдарының инфрақұрылымын қалыптастыруға және жаңғыртуға қосқан елеулі үлесі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградамен марапатталды. Оның қатарында Түркістан облысының темір жол саласында еңбек етіп, талай жыл тер төккен қос бірдей азамат та бар.

Атап айтар болсақ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Шымкент магистральдық желі бөлімшесі» филиалы Арыс сигнализация және байланыс дистанциясының бөлімше бастығы Алмас Қонысов пен ҚТЖ, «Жүк тасымалы» ЖШС «ЖТ Шымкент бөлімшесі» филиалы Түркістан пайдалану локомотив депосының кезекшісі Жұмағали Қантәжиев «Ерен еңбегі үшін» медалін иеленді.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Түркістан қаласында өңірдің денсаулық сақтау саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жалғасуда. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының ...

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...