Түркістан облысында Әділет департаменті 3500-ден астам азаматқа тегін құқықтық көмек көрсеткен

2025 жылдың 6 айында Әділет департаментіне 3907 құжат түсті, оның ішінде жеке тұлғалардан – 3697, заңды тұлғалардан – 210. Бұл туралы облыстық Әділет департаментінің басшысы Нұржан Әлиханұлы мәлімдеді.

«Биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында 993 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның 820-і –қағаз түрінде, 173-і – электронды түрде. Сондай-ақ, 590 заңды тұлға бойынша мемлекеттік қызмет көрсетіліп, бюджетке 1 612 750 теңге қаражат түсті. Жыл басынан бері мемлекет кепілдік берген заң көмегі бойынша департамент тарапынан 110 адвокат және 23 заң консультантпен келісім жасалып, 3592 азаматқа тегін заң көмегі көрсетілді. Алимент өндіру санаты бойынша 22 813 құжат орындалу барысында. Бұдан өзге, 499 борышкерге іздеу жарияланып, 256 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. «Бос орындар» жәрмеңкесі өткізіліп, 85 борышкер жұмыспен қамтылды. Мемлекет кірісіне жеке сот орындаушылармен 1 519 947 094 теңге және мемлекеттік сот орындаушылармен 3 111 870 123 теңге өндірілді”, — деді спикер.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістан облысында жыл басынан бері 200-ден астам өрт дерегі тіркелген

Облыс аумағында 2025 жылдың 6 айында 203 өрт дерегі тіркелді. Тілсіз жаудың кесірінен жалпы құны 444 млн 403 мың теңге ...

Түркістанда бюджеттік тәртіп пен ашықтықты арттыру жолдары талқыланды

2025 жылғы 24 шілдеде Түркістан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің ғимаратында «Онлайн бюджеттік мониторинг жүйесінің тиімділігін арттыру» тақырыбында дөңгелек ...