Түркістан қаласында жаңартылған жолдардың үлесі 70%-ға дейін артады — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан қаласында жаңартылған жолдардың үлесі 70%-ға дейін артады

Қазіргі таңда Түркістан қаласы аумағында жалпы ұзындығы 845 шақырымды құрайтын 875 көше бар. Осы жолдардың 430,1 шақырымы немесе 50,3 пайызы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда болса, 419,9 шақырымы немесе 49,7 пайызы қиыршық тасты жолдар санатына жатады.

Биылғы жоспар аясында ұзындығы 138,5 шақырымды құрайтын 159 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Бұл жұмыстардың нәтижесінде жақсы және қанағатты жағдайдағы жолдардың үлесі 66,7 пайызға дейін артады деп күтілуде.

Жөндеу жұмыстары негізінен қаланың инфрақұрылым жүйелері толық аяқталған Шауғар, Яссы, Отырар және Бекзат тұрғын алаптарында жүргізіледі.

Орташа жөндеу барысында көшелерге екі қабатты асфальт жабындысы төселіп, жол жиектері, аяқжолдар, мүмкіндігінше веложолдар мен жаңбыр суағар жүйелері орнатылады. Жөнделетін көшелердің басым бөлігі қаланың тарихи, яғни ескі бөлігінде орналасқан.

Атап айтқанда, Тәуке хан, Әл-Фараби, Наурызым көшелері толықтай жаңартылып, пайдалануға берілді. Сонымен қатар, қазіргі уақытта С.Жандосов көшесін кеңейту және қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

Мәселен, Тәуке хан көшесінде ұзындығы 5,1 шақырымды құрайтын асфальт қабаты жаңартылып, жол бөлу таңбалары толықтай қайта сызылды. Әл-Фараби көшесінің 1,8 шақырымына асфальт төселіп, жаяу жүргіншілер жолы мен жаңбыр суағар жүйелері салынды. Ал Жангелдин көшесінде 3,75 шақырым аумаққа ауыр жүк көліктерінің жүріп-тұруына бейімделген асфальт жабындысы төселіп, аяқжол, веложол және су ағатын арықтармен қамтылды.

Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...