Қазақстан жұмысшы кадрларды даярлауда әлемдік деңгейге шықты: 10 колледж халықаралық тәжірибе алмасуда

Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында қазақстандық колледждерді интернационалдандыру жүргізілуде. Бұл – ТжКБ жүйесін трансформациялаудағы басым бағыттардың бірі,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі  ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта салалық ведомство шетелдік серіктестермен келіссөздер жүргізуде. Олардың қатарында Қытай, Оңтүстік Корея, Франция секілді елдердің жетекші білім беру ұйымдары мен кәсіпорындары бар. Ынтымақтастық аясында академиялық ұтқырлыққа, тағылымдама мен тәжірибе алмасу бағдарламаларына, халықаралық білім беру стандарттарын, қос диплом алу бағдарламаларын енгізуге, сондай-ақ педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға ерекше көңіл бөлінуде.

«Жұмысшы мамандықтарының жылы аясындағы негізгі іс-шаралардың бірі – колледждерді интернационалдандыру. Басты мақсат – олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, оқу бағдарламаларын халықаралық стандарттарға сәйкестендіру және заманауи еңбек нарығының сын-қатерлеріне жауап бере алатын мамандарды даярлауға жағдай жасау», – дейді Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Әсет Мұханбетов.

Осы бастама аясында 2025 жылы еліміз бойынша 10 колледж интернационалдандырылады. Олардың қатарында – Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжі, Астана қаласының қоғамдық тамақтану және сервис колледжі, Шымкент қаласының жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі және басқалары бар. Бүгінде осы ұйымдардың студенттері мен педагогтері Жапония, Франция, Қытай, Түркия және басқа елдердің колледждерінде және серіктес кәсіпорындарында оқудан және тағылымдамадан өтуде.

x

Check Also

Қазақстан әлемдегі топ-100 суперкомпьютер қатарына енді

Ұлттық суперкомпьютер «Alem.Cloud» әлемдегі ең қуатты есептеу жүйелерінің халықаралық рейтингі TOP500 тізімінде 86 орынды иеленді. Бұл рейтингке тек HPL (High-Performance ...

Мемлекет басшысы «Жасанды интеллект туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Заң арқылы жасанды интеллект жүйелері қызметінің негізгі қағидаттары енгізілді. Жасанды интеллект жүйелері ақпараттандыру нысаны ретінде анықталды. Енді жасанды интеллект адамның ...