Шымкент қаласы әкімінің қатысуымен өткен көшпелі кездесу барысында Шымсити шағынауданындағы №20 үй тұрғындары балалар мен жастарға арналған спорт және ойын алаңшаларын орнату қажеттігін алға тартқан болатын.
Аталған мәселе назардан тыс қалмай, “Абай” коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан ойын және спорт алаңшаларын ретке келтіру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда бұл нысандарды қалалық құрылыс басқармасынан Абай ауданы әкімдігінің балансына өткізу процесі жүріп жатыр.