Көгалдандыру бойынша Түркістан мен ҚХР қалалары арасында келісімшарт жасалды

Түркістан қаласы әкімі Әзімбек Пазылбекұлының тапсырмасына сәйкес, қаланың көгалдандыру жұмыстарын ғылыми негізде жетілдіру және тиімді тәжірибе енгізу мақсатында Түркістанның климатына ұқсас Қытай Халық Республикасының қалаларына арнайы іссапар ұйымдастырылды.

Іссапар барысында қаланың көгалдандыруына жауапты мамандар Үрімші, Тұрпан, Қорла және Ақсу қалаларында жерсіндірілген ағаш және өсімдік түрлерін зерттеді. Нәтижесінде Түркістан қаласына бейімделген ағаш көшеттерін жеткізу бойынша алдын ала келісімшарт жасалды.

Сонымен қатар шөл және шөлейт аймақтарға арналған тыңайтқыштарды шығаратын зауыт басшыларымен екіжақты кездесулер өтіп, қажетті агрохимиялық өнімдермен қамтамасыз ету мәселесі келісілді. Қытай еліндегі тұқымбақтардың жұмысымен танысу барысында қытайлық кәсіпкерлер Түркістан аумағында ағаш және гүл тұқымдарын өсіретін арнайы тұқымбақтар құруға ниет білдірді.

Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Туркестан: Пляжи в Шардаре приведены в порядок, туристам предоставляются качественные услуги

С начала купального сезона на пляжных территориях Туркестанской области усилили меры безопасности и чистоты. На пляжах в Шардаре устранили раннее ...

ТҮРКІСТАН: Шардарадағы жағажай ретке келтіріліп, саяхатшыларға сапалы қызмет көрсетілуде

Шомылу маусымы басталғалы Түркістан облысына қарасты жағажай аумақтарында қауіпсіздік және тазалық шаралары күшейген. Шардарадағы жағажайда осыған дейін анықталған кемшіліктер бойынша ...