Жоспар 2025: Қаратауда 27 ойын алаңшасы салынады — Xnews — ақпарат агенттігі

Жоспар 2025: Қаратауда 27 ойын алаңшасы салынады

Мегаполистің даму жоспарына сәйкес аудан аумағында тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруда ауқымды жұмыстар атқарылуда. Аудандағы жалпы саны 626 көп қабатты үй 210 аулаға біріктірілген. Өткен жылы аулаларға 21 ойын алаңшасы салынса, биыл осындай 27 нысанды қолданысқа беру жоспарлануда. Жаңа ойын алаңшалары Сайрам, Нұртас,Тассай, Қызылсу, Тұран, Бозарық, Нұрсәт, Мирас, Шапағат елді мекендерінде бой көтереді.

Нұрсәт, Шапағат, Нұртас шағынаудандарында биыл үш ашық спорт алаңшасы салынады. Жергілікті халықтың өтініші бойынша Нұртас,Тассай, Таскен, Сайрам, Шапырашты, Өтеміс, Мәртөбе,Мирас, Шапағат, Қайтпас елді мекендерінде 16 орынға ирригациялық жүйелер жүргізіледі.

Қала көркін арттыратын нысандардың бірі — гүлзарлар. Былтыр ауданда 7 гүлзар салынған, биыл 11 нысанның құрылысын бастау жоспарлануда. Өткен жылдың басты жетістігі ауданда 320 көшенің жарықтандырылуы болса, биыл 351 көшеге жарық жүйелері жүргізіледі. Онымен қоса осы жылы Тұран,Мирас, Шапағат, Нұртас, Мәртөбе, Алтын Орда және Сайрам елді мекендерінде жалпы саны 138 көшеге асфальт төселеді.

Яндекс.Погода
x

Check Also

Шымкент қаласында «Таза аула» акциясы: 55 мыңнан астам адам тазалық жұмыстарына қатысты

2026 жылғы 18 сәуірде Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында кең ауқымды жалпықалалық тазалық күні өтті. «Таза аула» ...

Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті

Шымкент қаласында еріктілер қозғалысын дамытуға бағытталған маңызды кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараны Шымкент қаласы Жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ өткізді. ...