Мұнай өндіру көлемі 49,9 млн тоннаны құрады — Xnews — ақпарат агенттігі

Мұнай өндіру көлемі 49,9 млн тоннаны құрады

Үкімет отырысында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов 2025 жылғы қаңтар-маусым айларындағы отын-энергетикалық кешенінің жағдайы туралы баяндады,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің ресми ақпараттық ресурсы сілтеме жасап.

Министрдің сөзінше есепті кезеңде мұнай өндіру көлемі 49,9 млн тоннаны немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 111,6%-ды құрады. Осы жылғы қорытындысы бойынша мұнайды өндіру 96,2 млн тонна деңгейінде күтілуде. Есепті кезеңде мұнай экспорты 39,6 млн тоннаны немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 111,9%-ды құраған.

«Осы жылдың қорытындысы бойынша мұнай экспорты 70,5 млн тонна деңгейінде күтілуде. Газ саласы туралы тоқталсақ, есепті кезеңде 34,6 млрд м3 газ өндірілді, немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 102,6% құрады. Тауарлық газды ішкі тұтыну көлемі 11,5 млрд м3 құрады, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100,6% орындалды. Есепті кезеңде ел аумағында газ транзитінің көлемі 35,7 млрд м3 құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 108,5% құрайды», — деді Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов.

Ведомство басшысының мәліметінше биыл қаңтар-маусым айларының қорытындысы бойынша шамамен 7,6 млн тонна мұнай өнімдері өндірілген немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 110,8%-ды құрады. Мұнай-газ химиясы өнімдерін өндіру көлемі 382 мың тоннаны немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 112,5%-ды құрады.

«Есепті кезеңде 62,2 млрд. кВтсағат электр энергиясы өндірілді, немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 103,3% құрады. Осы жылғы 6 айда жаңартылатын энергия көздері нысандарынан электр энергиясын өндіру 4,2 млрд кВтсағатты, немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 107,2% құрады», — деді министр.

x

Check Also

Социальная поддержка, экология и предпринимательство: главные темы агитационной кампании

В рамках предвыборной кампании политические партии продолжают проводить мероприятия в различных регионах страны. Встречи проходят с участием трудовых коллективов, представителей ...

Әлеуметтік қолдау, экология және кәсіпкерлік: сайлауалды үгіт-насихаттың басты тақырыптары

Сайлауалды науқан аясында саяси партиялар еліміздің әр өңірінде түрлі іс-шара өткізіп жатыр. Кездесулерге еңбек ұжымдары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, кәсіпкерлер, сарапшылар ...