Елімізде ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 3,7%-ға артты

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында аграрлық секторды дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Ол 2025 жылдың 6 айында ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 3,7%-ға артып, 1,8 трлн теңгені құрағанын хабарлады. Бұл өсім мал шаруашылығындағы өндіріс көлемін 3,2%-ға, өсімдік шаруашылығында 14,5%-ға ұлғайту есебінен қамтамасыз етілді.

«2025 жылдың 6 айында ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 3,7%-ға ұлғайып, 1,8 трлн теңгені құрады. Бұл өсім мал шаруашылығындағы өндіріс көлемін 3,2%-ға, өсімдік шаруашылығында 14,5%-ға ұлғайту есебінен қамтамасыз етілді. Облыс әкімдіктеріне саланың өсу қарқынының төмендеуіне жол бермеу бойынша шаралар қабылдау қажет. Жалпы, ауыл шаруашылығының жылдық өсуі бойынша қойылған міндеттерге қол жеткізу оңтайлы мерзімде жүргізілген көктемгі дала және егіс жинау жұмыстары есебінен жоспарлануда. Осы жылы жалпы егіс алаңы 23,7 млн. гектарды құрады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдарын әртараптандыру бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда. Соның ішінде, 2 жылда бидай алаңдары 750 мың гектарға қысқартылды. Бұл ретте, майлы дақылдар және азық дақылдары сияқты жоғары маржиналды және сұранысқа ие дақылдардың алаңдары ұлғайтылды», — деп атап өтті Айдарбек Сапаров.

Министрдің сөзінше бүгінгі таңда шаруалар 1,5 млн тонна минералды тыңайтқыш пайдаланды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 500 мың тоннаға артық. Осы қарқынды сақтау үшін биыл егіс жұмыстарын жеңілдікпен қаржыландыру көлемі «Таза» 5% жылдық мөлшерлемемен 700 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды. Отандық ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдікпен лизингке беру бағдарламасына 250 млрд теңге бағытталды, бұл ауыл шаруашылығы техникасы паркін едәуір жаңартуға мүмкіндік береді.

Ведомство басышысының айтуынша өсімдіктерді қорғау бойынша жұмыстар уақтылы жүргізілген. Бүгінде дәнді дақылдар егістіктерінің 98,8%-ы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда. Сондай-ақ саланың оң динамикасы мал шаруашылығындағы өсім есебінен де қамтамасыз етіледі. Осы жылдың 6 айында ірі қара мал басы 8,3%-ға, ұсақ мал – былтырғы деңгейде, жылқы 4,7%-ға, түйе 4,5%-ға, құс 2,7%-ға өсті.

Сондай-ақ, сойыс салмағындағы ет өндірісі 1,5%-ға, сиыр сүті 7%-ға ұлғайды.

«Есепті кезеңде тамақ өнімдерін өндіру көлемі 10%-ға ұлғайды. Бұл қант өндірісінің 1,9 есеге, ет консервілерінің 25,4%-ға, өсімдік майының 20,3%-ға, шұжық өнімдерінің 10,8%-ға, сары майдың 10,4%-ға және қышқыл сүт өнімдерінің 4,7%-ға ұлғаюы есебінен болды. Жалпы, 6 айдың қорытындысымен агроөнеркәсіп кешеніне 42% өсіммен 617 млрд теңге иневстиция тартылды, оның ішінде ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі 27%-ға өсіп, 442,6 млрд теңгені құрады. Тамақ өнімдерін өндіруге салынған инвестициялар 52%-ға ұлғайып, 104,2 млрд теңгені құрады. Сусындар өндірісінде инвестициялар дерлік 3 есеге өсіп, 69,7 млрд теңгені құрады», — деп атап өтті Айдарбек Сапаров.

Сондай-ақ ауыл шаруашылығы көрсеткіштеріне әсер ететін бағыттардың бірі – Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін тарату бағдарламасы бойынша жобаларды қаржыландыру және уақтылы іске қосу. Бүгінгі таңда өңірлерге жоспарланған 200 млрд теңгенің 30 млрд теңгесі 22 жобаны қаржыландыруға бағытталды. Ауыл шаруашылығы министрлігі жоспарланған көрсеткіштерге жету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда.

x

Check Also

Аграрлық саясаттың жаңа бағыты: Мал шаруашылығы, жер және су реформасы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің форумында агросекторды дамытудың үш негізгі бағыты – мал шаруашылығының әлеуетін арттыру, жер қатынастарын ...

Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне ризашылығын білдірді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумында сөйлеген сөзінде осылай деді. «Ең алдымен, барша ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне кәсіби ...