Олжас Бектенов: Бизнес салықты әділ төлеуі керек — жеңілдіктер қайта қаралады — Xnews — ақпарат агенттігі

Олжас Бектенов: Бизнес салықты әділ төлеуі керек — жеңілдіктер қайта қаралады

Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен брифингте Премьер-министр журналистердің бизнестің салық міндеттемелерін әділ көлемде орындауына қатысты сауалына жауап берді. Атап айтқанда, ірі құрылыс компанияларынының салық төлеу мәселесі сөз болды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Жыл басынан бері құрылыс саласындағы компанияларға 13,8 мың хабарлама жолданып, қосымша 116,4 млрд теңге көлеміндегі есеп берілген, оның 47,1 млрд теңгесі өндіріп алынды.

«Бизнес салық жүктемесін азайту үшін заңды түрде рұқсат етілген түрлі схемаларды қолдануда. Біздің мақсатымыз – бизнесті әділ салық төлеуге үйрету. Келер жылдан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексі де осыған бағытталған. Біз жеңілдетілген салық режимдерін қысқартып жатырмыз: шекті мөлшерді төмендеттік және кейбір қызмет түрлерін бұл режимдерден алып тастаймыз. Мысалы, бөлшек сауда салығына жатпайтын қызмет түрлері бар. Қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары бөлшек сауда салығына енгізілген, бірақ бұл екі компания арасындағы мәміле болғандықтан, бөлшек сауда түсінігіне сай келмейді. Бұл егжей-тегжейлі үйлестіруді қажет етеді. Біз осы бағыттағы жұмысты жалғастырамыз», — деді Олжас Бектенов.

Қазақстанда ШОБ-ті қолдау бойынша «Өрлеу» бағдарламасы іске қосылды

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин журналистерге нақты секторға қаражат салуға ынталандыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабарлады.

«Біріншіден жаңа салық кодексінің ішінде корпоративті табыс салығына дифференциация жасадық. Енді банктер тұтынушы секторға несиелер берсе, КТС 25% болады. Нақты секторға несие берсе 20%. Бұл нақты секторға қаражат салуға ынталандырады. Екінші мәселе жаңа салық кодексінде барлық облигацияларға 10% салық салынады. Ал «Бәйтерек» холдингі шығаратын облигацияларды 2031 жылға дейін салықтан босаттық. Себебі «Бәйтерек» холдингінің басты мақсаты – нақты секторға салынады. Қазіргі уақытта шағын және орта бизнеске арналған «Өрлеу» деген жаңа бағдарлама ашылды. Оны дамытуға нақты секторларға, өндіріс секторларына «Даму» қоры 300 млрд салды. Банктер 450 млрд салды. Ставкасының деңгей — 12,6 пайыз. Сонымен қатар екі кепілдік қоры ашылды. Барлығы қазіргі уақытта Даму қорында орналасқан. Бүгінде 107,5 млрд теңгені құрайтын 784 жоба қолдау тапты. Оның ішінде 60 млрд теңгеге кепілдік берілді. Аталған бағыттағы жұмысты жалғастырамыз», — деді вице-премьер Серік Жұманғарин.

Яндекс.Погода
x

Check Also

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...

Түркістанда толық циклді мақта-тоқыма кластері дамуда

Түркістан облысында ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жүйелі түрде жалғасып келеді. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» жобасын ...