Түркістанда жылу жүйелерінің қысқа дайындығы — қатаң бақылауда — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістанда жылу жүйелерінің қысқа дайындығы — қатаң бақылауда

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы орталықтандырылған жылу жүйелерімен қамтамасыз етілген көпқабатты тұрғын үйлерді аралап, жылу беру маусымына дайындық барысын пысықтады.

Осыған дейін, 1-2 мөлтек аудандарында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің ішкі жылу жүйесінің жай-күйі зерделеніп, ретке келтіру бойынша тапсырма берілген болатын. Сонымен қатар, су, кәріз және жылу желілерін жаңғырту бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда.

Бүгінде мөлтек ауданда жылу жүйесіне қосылған 75 көпқабатты тұрғын үй бар. Оның ішінде 34 үйдің жылу маусымына дайындық жұмыстары толық аяқталған. Қалған 41 үйде жаңарту және жүйелерді ретке келтіру шаралары жүргізілуде.

Бұдан бөлек, 32 көпқабатты үйдің сыртқы қасбетін әрлеу жұмыстары жүргізілуде.

Әзімбек Пазылбекұлы жауапты сала жетекшілеріне 10 тамызға дейін қысқа дайындық жұмыстарын толық, әрі сапалы аяқтауды тапсырды.

Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

В Туркестанской области строится неимеющий аналогов в стране откормочный комплекс

В Сауранском районе динамично ведется строительство одного из крупнейших инвестиционных проектов в сфере агропромышленного комплекса — откормочного комплекса, не имеющего ...

Түркістан облысында елімізде теңдесі жоқ мал бордақылау кешені салынып жатыр

Түркістан облысы Сауран ауданында агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағытындағы ірі инвестициялық жобалардың бірі – елімізде баламасы жоқ мал бордақылау кешенінің құрылысы ...