Металлургия Қазақстандағы өңдеу өнеркәсібі көлемінің 40%-дан астамын қамтиды — Xnews — ақпарат агенттігі

Металлургия Қазақстандағы өңдеу өнеркәсібі көлемінің 40%-дан астамын қамтиды

Металлургия 40,1% үлеспен Қазақстанның өңдеу өнеркәсібіндегі негізгі драйверге айналып отыр. Бірінші жартыжылдық қорытындысы мен саланың одан арғы өсу перспективасы 17 шілдеде вице-премьер — ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі штаб отырысында талқыланды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Металлургияда жоғары өсу қарқынын сақтау оңай міндет емес: 2024 жылы сала соңғы 10 жылдағы рекордтық 6,9% өсімге қол жеткізді. Бүгінгі таңда кәсіпорындардың өндірістік қуаты 90-100% жүктемемен жұмыс істеп тұр. Бұл өндіріс көлемін одан әрі ұлғайту мүмкіндігін шектеуде.

Былтырғы жоғары базаға қарамастан, 2025 жылғы бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша, металлургия өнеркәсібіндегі нақты көлем индексі 0,1%-ға өсті. Саланың өсу қарқынын арттыру үшін арнайы жол картасы әзірленіп, іске асырылуда. Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбековтың айтуынша, құжаттағы бірқатар аралық мақсатқа қол жеткізілген.

Атап айтқанда, «Жомарт» кенішінде қалпына келтіру жұмысы аяқталып, Ақтөбе мыс компаниясынан «Қазцинк» кәсіпорындарына мырыш концентратын жеткізу көлемі ұлғайды. KAZ Minerals тобы отандық зауыттарға мыс концентратының ірі партиясын жөнелтті. Бұл жыл соңына дейін оны ел ішінде қайта өңдеу көлемін едәуір арттыруға мүмкіндік береді. Серік Жұманғарин салалық министрлікке негізгі металлургиялық кәсіпорындар орналасқан өңірлердің әкімдігімен бірлесіп, орнықты экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін өндіріс басшыларымен проблемалық мәселелерді жедел пысықтауды тапсырды.

x

Check Also

В Шымкенте индустриальная зона «Жұлдыз» получила железнодорожную инфраструктуру

В индустриальной зоне «Жұлдыз» города Шымкент завершено строительство железнодорожного тупика, предназначенного для обслуживания расположенных здесь промышленных предприятий. С результатами выполненных ...

Шымкент: «Жұлдыз» индустриалды аймағы теміржол инфрақұрылымымен қамтылды

Шымкент қаласындағы «Жұлдыз» индустриалды аймағында орналасқан өнеркәсіптік кәсіпорындарға қызмет көрсетуге арналған тұйықталған теміржол желісінің құрылысы аяқталды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков ...