Түркістан: Төлебиде тауарлы сүт фермасы іске қосылады — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан: Төлебиде тауарлы сүт фермасы іске қосылады

Төлеби ауданында ірі инвестициялық жоба жүзеге асуда. Зертас ауылында «AZIA MILK» маркасымен тауарлы сүт фермасының құрылысы қарқынды жүріп жатыр.

Жоба израильдік заманауи технологиялар негізінде толық автоматтандырылған. 10 гектар аумақта орналасқан фермада 1 200 бас голштино-фриз сиыры бағылады. Еуропалық үлгідегі фермада:
• Салқындату және желдету жүйесі
• Метеостанция
• Жарық пен бейнебақылау
• Сүт жинау және өңдеу орталығы қарастырылған.

Жоба құны – 1,3 млрд теңге. Сонымен қатар мұнда мал шаруашылығы қалдықтарын қайта өңдеу де жоспарланған.

Қазіргі уақытта 26 адам жұмыспен қамтылған. Іске қосылған соң 50 тұрақты жұмыс орны ашылады. Бүгін аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов ферманың құрылыс алаңында болып, жобаны қолдайтынын жеткізді. Ферманы толық іске қосу 2027 жылға жоспарланған.

x

Check Also

Нұралхан Көшеров Кентау қаласының тұрғындарымен кездесті

Қазақстан Республикасы Президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Кентау қаласының тұрғындарымен кездесіп, жеке ...

Түркістан: Кентауда шығарылған газ қазандықтары Орталық Азия елдеріне экспортталады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жұмыс сапарымен Кентау қаласына барып, «Тұран» арнайы экономикалық аймағында орналасқан газ қазандықтарын өндіретін «TURAN SHENHUA» ...