Шымкент: Еңбекші ауданында 10 аумаққа ирригациялық арықтар орнатылады

Шымкент қаласының аудан аумақтарында су жиналу қаупі бар нүктелерге ирригациялық арықтар орнату жұмыстары жүргізілуде. Еңбекші ауданында биыл осы бағытта бірқатар жұмыстар қолға алынбақ.

Аудан аумағында жауын-шашын сулары жиналатын орындарға зерделеу жүргізіліп, 57 мекенжай анықталған. 2022-2024 жылдар аралығында анықталған аумақтарға кезең-кезеңімен (2022 жыл – 21 көше, 2023 жыл – 20 көше, 2024 жыл – 16 көше) ирригациялық жүйелер орнатылды. Сонымен қатар, Сайрам көшесінің бойындағы ирригациялық арықтар қайта жаңартудан өтті.

Бұған дейін Қаратау ауданының су басу қаупі анықталған елді мекендерінде тұрғындардың өтінішіне сәйкес, ирригациялық арықтар салу жұмыстары бастау алады деп хабарлаған едік

Бұл жоба, әсіресе, жаңбырлы кезеңдерде су басу мәселесін шешуге, инфрақұрылымның жұмысын жақсартуға, сондай-ақ аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Арықтарды салу жұмыстардың негізгі мақсаты — жергілікті тұрғындар мен қала инфрақұрылымын су тасқынынан қорғау. Жобаның аясында ирригациялық арықтар әр түрлі ұзындықта салынатын болады.

Ал, «Мәртөбе» тұрғын алабындағы Жібек жолы көшесіне (авто жуу бекеті тұсы), «Мирас» шағынауданында Өркениет және Ажарлы көшелеріне 370 метрге арық салу жоспарланып отыр.Тұрғын алаптағы атауы жоқ көшелерде 1700 метрге арықтың құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Сареми көшесінің 500 метрі де осы ауқымды жобаның бір бөлігіне айналады.

«Шапағат» шағынауданындағы Шапағат көшесі бойында 50 метрлік арық салу қарастырылған. «Қайтпас» шағынауданының Академиктер қалашығының 100 метрі мен «Нұрсәт» шағынауданындағы №135 А, Б, В үйлерінің жанына 350 метр арық салынуы жоспарлануда.

«Нұрсәт» шағынауданындағы Балалар ауруханасының көшесі мен «Таскен» тұрғын алабындағы Бақдәулет көшесіне 400 метр арық салу жұмыстары да бар. Ал, Таскен т.а. Байкент көшесі 100 метр ұзындыққа дейін арықталады.

Сондай-ақ, «Қайтпас» шағынауданындағы Қаһарман көшесіне құдықша орнату үшін 20 метр құрылыс жұмыстары жүргізілетін болады.

Бұл ауқымды жоба Қаратау ауданында су тасқынының алдын алу бойынша маңызды шара болып табылады. Ирригациялық арықтар салу тұрғындардың күнделікті өміріне қолайлы жағдайлар жасай отырып, экологиялық және әлеуметтік мәселелерді шешуге үлкен үлес қосады.

Жоба аяқталғаннан кейін су басу қаупі төмендеп, аудан тұрғындары үшін қауіпсіз және ыңғайлы өмір сүру ортасы қалыптасады. Сондай-ақ, бұл жұмыстар ауданның инфрақұрылымын жақсарту және аумақты дамыту бағытында атқарылып жатқан маңызды қадамдардың бірі болып табылады.

Мониторинг жұмыстарына сәйкес, су жиналу қаупі бар 10 мекенжайға биыл ирригациялық арықтар орнату жоспарланып отыр. Айта кетсек, 2021-2025 жыл аралығында «Жол қартасына» сәйкес, «Маятас» тұрғын алабы, «Бадам» өзенінің 4,4 шақырым жағалауын нығайту жұмыстары атқарылды.

x

Check Also

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...