Достық шағынауданында ағымдағы жылы 320 абонент газбен қамтылды — Xnews — ақпарат агенттігі

Достық шағынауданында ағымдағы жылы 320 абонент газбен қамтылды

Шымкент қаласының шағынаудандары мен елді мекендерін табиғи газбен қамту жұмыстары кезең-кезең бойынша жүзеге асырылуда. Достық шағынауданында газбен қамтамасыз етудің 3-кезеңі бойынша 2024 жылы құрылыс жұмыстары басталған болатын. Мердігер мекеме 2025 жылы наурыз айында құрылыс жұмыстарын аяқтады. Оның нәтижесінде, 320 абонент (1600 адам) табиғи газға қосылуға мүмкіндік алды.

Өткен жылы қала әкімінің тұрғындармен кездесуі барысында аталған аумақты 2025 жылы газға қосуға тапсырма берілген еді. Қала әкімі шағынауданды толық газдандыру жұмысын жеделдету қажеттігін міндеттеді.

Шағынаудандағы 320 абонент 2016 жылдан бері табиғи газсыз отырды. Уәде етілгендей, 320 абонент биыл, өз мерзімінде көгілдір отынмен қамтылып отыр. Тұрғындарды газбен қамту азаматтардың өмір сапасын арттыруға септігін тигізеді.

x

Check Also

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...

В Шымкенте индустриальная зона «Жұлдыз» получила железнодорожную инфраструктуру

В индустриальной зоне «Жұлдыз» города Шымкент завершено строительство железнодорожного тупика, предназначенного для обслуживания расположенных здесь промышленных предприятий. С результатами выполненных ...