Экономикалық штаб: Қазақстан 6% ЖІӨ өсіміне қалай қол жеткізбек — Xnews — ақпарат агенттігі

Экономикалық штаб: Қазақстан 6% ЖІӨ өсіміне қалай қол жеткізбек

Вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин өткізген кеңесте биылғы 5 айдағы еліміздің ЖІӨ өсімінің құрамдас бөлігі мен экономикаға қомақты үлес қосып отырған салалардың даму серпінін арттыру мүмкіндіктері талқыланды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Өнеркәсіп экономикалық өсудің негізгі қозғаушы күші болып қала береді: 2024 жылғы қорытынды бойынша оның ЖІӨ-дегі үлесі 25,7%-ды құрады. 2025 жылғы қаңтар–мамыр айларында сала 6,4%-ға өскен.

Кеңесте басқа сегменттердегі – машина жасау, тамақ, химия және мұнай өңдеу өнеркәсібіндегі өсу әлеуеті де қарастырылды.

Белсенді өсу қарқыны бар тағы бір сала – құрылыс. Оның 5 айдағы өсімі 15,4%-ды, жұмыс көлемі 2 трлн теңгені құрады.

Тұрғын үй құрылысы саласында биыл 19 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру міндеті тұр. Соңғы 5 айда 6 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл 2024 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 5,7%-ға жоғары.

«Біздің мақсатымыз – биыл ЖІӨ 6%-дық өсіміне қол жеткізу. Ол үшін нақты сектордағы барлық сала белгіленген индикаторға сәйкес жұмыс істеуі тиіс. Әкімшілік кедергілерді жедел жойып, компаниялар өз өнімін шығаруды ұлғайтуы үшін әрбір саладағы қарқынның баяулауы есебінен нақты айлық жоспарлар әзірлеу қажет», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.

x

Check Also

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы Құрылтай депутаттарын сайлауға дайындық кезеңинде ақпараттық кеңістікке мониторинга жүргізуді жалғастыруда

Дауыс беру күні жақындахан сайын әлеуметтик желалерде сайлауды әділ ұйымдастыруға күмән келтиретін жарияланымдар санының арта тюсетіні белгілі. Тәжірибе көрсеткендей, мұндай ...

Социальная поддержка, экология и предпринимательство: главные темы агитационной кампании

В рамках предвыборной кампании политические партии продолжают проводить мероприятия в различных регионах страны. Встречи проходят с участием трудовых коллективов, представителей ...