Кәсіпкерлік нысандары бірыңғай эскиз негізінде реттеледі — Xnews — ақпарат агенттігі

Кәсіпкерлік нысандары бірыңғай эскиз негізінде реттеледі

Қаланың сәулеттік келбетін жақсарту және кәсіпкерлік нысандардың сыртқы көрінісін бір үлгіге келтіру мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Осыған орай, басқарма басшысы жауапты сала мамандарымен бірге Сайрам көшесі бойындағы кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, нысан алдындағы аумақты абаттандыру және сыртқы бөлігін заманауи талаптарға сәйкестендіру міндеттерін түсіндірді. Бұл жұмыстар бекітілген бірыңғай эскиз негізінде жүзеге асырылады.

Аталған шаралар қала келбетін көркейтуге, сәулеттік үйлесімділікті қамтамасыз етуге және жайлы қалалық орта қалыптастыруға бағытталған.

Айта кетейік, 2024 жылы қайта атау және атау беру бойынша 185 көше ұсынылды. Оның 12-сіне тиісті келісім алынған. Сонымен қатар, Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ұсынылған 20 тұлғаның 10-ы тиісті қолдау тапты. Қала көшелерінде ілінген тақтайшалардың біршама бөлігінде үйердің реттік нөмірлерінің көрсетілмеуіне және тозығы жетуіне байланысты биыл 35 753 тақтайша орнату жоспарланып отыр.

Ал, тіл саясатын жүсеге асыру бағытында «Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» негізінде тиісті жұмыстар атқарылуда.

Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында, 2029 жылға дейін мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесін 93,5 пайызға жеткізу көзделген болса, бүгінде бұл көрсеткіш – 98 пайызды құрап отыр.

Сондай-ақ, тіл заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру мақсатында мониторинг және рейдтік жұмыстар жүргізіліп, 16 180 кәсіпкерлік нысан зерделенді. Нәтижесінде 2380 нысан иесіне анықталған кемшіліктерді жою жөнінде ұсынымдар берілді. Бүгінгі таңда анықталған кемшіліктердің 120-ы түзетіліп, қалғандары бойынша ретке келтіру жұмыстары жүргізілуде. Белгіленген талаптарды сақтамаған жағдайда ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 505-бабы негізінде жауапкершілік қарастырылған.

Таза, үйлесімді әрі көрікті қала — бәріміздің ортақ жауапкершілігіміз!

x

Check Also

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...

В Шымкенте индустриальная зона «Жұлдыз» получила железнодорожную инфраструктуру

В индустриальной зоне «Жұлдыз» города Шымкент завершено строительство железнодорожного тупика, предназначенного для обслуживания расположенных здесь промышленных предприятий. С результатами выполненных ...